Ақпарат » Страница 188 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жаңа жыл» мерекесі өтті.
30
декабрь
2023
«Жаңа жыл» мерекесі өтті.
Мектебімізде 2023 жылдың 26-28 желтоқсан аралығында оқушыларға арналған қуанышқа да, ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті.   Мереке қарсаңында мектеп спорт залы әсем безендіріліп шырша құрылды. Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне мектебіміздің мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ белсене қатысты. Мерекелік шарада оқушыларға арналған түрлі байқаулар мен ойындар және би жарыстары өтті. Әсіресе, мерекенің басты кейіпкерлері – Аяз ата және Ақшақармен кездесуі қуанышқа бөледі.
Абай облысының әкімі дарынды балалармен кездесу өткізді
27
декабрь
2023
Абай облысының әкімі дарынды балалармен кездесу өткізді
2023 жылдың 26 желтоқсан күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев дарынды балалармен кездесу өткізді. Аталған іс-шараға Маяковский атындағы орта мектебінен Республикалық «Алау» әскери-спорттық ойынының жүлдегерлері, «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары Жанарбек Ұларбек пен Бекбосын Аружан қатысып, қатысушыларға 100 мың теңгенің сертификаттары табысталды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
Жаңа жылдық іс-шарада «Санта-Клаустар» сайысы
27
декабрь
2023
Жаңа жылдық іс-шарада «Санта-Клаустар» сайысы
25 желтоқсан күні Жарма ауданы орталығындағы шырша шамдарын жағу рәсіміне арналған  Жаңа жылдық іс-шарада «Санта-Клаустар» сайысына мектебіміздің  жас ұстаздары мен 10 «Ә» сынып оқушылары (сынып жетекшісі Г.Қ.Мухамеджанова) қатысып, жүлделі ІІІ-орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Облыс әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өтті
26
декабрь
2023
Облыс әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өтті
24-25 желтоқсан күндері Семей қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан, облыс әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өтті. Мерекелік шараға мектебіміздің 4 сынып оқушысы Амангелді Ботагөз қатысып, 100 мың теңгенің сертификатын сыйлыққа алды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
7-8 сынып оқушыларымен «Мұз бетіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында әңгіме өткізді.
26
декабрь
2023
7-8 сынып оқушыларымен «Мұз бетіндегі қауіпсіздік ережелері»
26 желтоқсан күні Жарма ауданы құтқарушылар отрядының басшы-құтқарушысы Т.С.Ахметкаримов, бас құтқарушылар Н.К.Касетов және С.Ж.Колмаков мектепке арнайы келіп 7-8 сынып оқушыларымен «Мұз бетіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында әңгіме өткізді.  Мұз үстіндегі және судағы қауіпсіздік ережелері, адамның өмір қауіпсіздігін сақтау    мақсатында өткен әңгімелесуде құтқарушылар тарапынан оқушыларға жаднамалар таратылып, көрнекілік ретінде құтқарушыларды суда жабдықтау құралдары таныстырылды. 
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқауының аудандық кезеңі
24
декабрь
2023
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқауының аудандық
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқауының аудандық кезеңіне  мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі  Аксакова Балым Макановна мен әлеуметтік педагог Тюлегетаева Асель Женисбековна  қатысып жүлделі   ІІ орын иегерлері атанды. Мұғалімлерімізді жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз! #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
Ата-ана мен бала арасындағы "Жұлдызды отбасы» ән байқауы өтті
23
декабрь
2023
Ата-ана мен бала арасындағы "Жұлдызды отбасы» ән байқауы өтті
22.12.2023 жыл күні мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Б.М. Аскакова мен музыкалық жетекшісі Д. М.Нурпеисованың ұйымдастыруымен отбасылық татулық пен бірлікті насихаттайтын ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 6-7 сыныптар арасында "Жұлдызды отбасы» ән байқауы өтті. Байқауға қатысуға 7 отбасы ниет білдіріп, екі кезеңнің ән бағамында сынаққа түсті. Отбасылық, сыныптық сынға түскен жұптар өз кезегінде ретроәндерді орындап қоймай, заманауи әнді де нақышына келтіре
Бауыржан Момышұлының туған күніне орай 7 «А» жас сарбаз сыныбында ерлік сабағы өтті
22
декабрь
2023
Бауыржан Момышұлының туған күніне орай 7 «А» жас сарбаз сыныбында
22.12.2023 жылы Маяковский атындағы орта мектебінде  Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туған күніне орай 7 «А» жас сарбаз сыныбында Ж.Ж. Кошербаева  ерлік сабағын өткізді. Ерлік сабағына Жарма ауданы қорғаныс істер бойынша бөлімінің басшысы Саябаев Мерхат Муратказыевич және аудан бойынша Ауған соғысының ардагерлер кенесінің төрағасы Нурлан Шағибасұлы Траиспаев қатысты.  Сабақтың мақсаты оқушыларды Ұлы  Отан
9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті
21
декабрь
2023
9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
2023 жылдың 19-20 желтоқсан күндері Жарма ауданы білім беру мекемелерінде республика бойынша бір уақытта жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиада кезінде бейнежазу мен Youtube каналында тікелей эфир жүргізілді. Олимпиаданың аудандық кезеңіне жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндерінен мектебімізден 27 оқушы қатысты. Нәтижесінде мектебіміздің  олимпиадалық командасы 19 жүлделі  орынға ие болды: