Ақпарат » Страница 237 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жақсы көңіл күй - жан азығы" атты тренинг өткізілді
06
июнь
2022
"Жақсы көңіл күй - жан азығы" атты тренинг өткізілді
Балаларға керемет көңіл күй сыйлау мақсатында бүгін 6 маусым "Жақсы көңіл күй - жан азығы" атты тренинг өткізілді. Әртүрлі қызықты ойындар мен жаттығулар,  би-терапия,шаттық шеңбері және "сиқырлы қол" атты ойындар ойнатылды. Тренингтің мақсаты: әр қатысушы бір-бірін тыңдауға,  жаныңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға және өз ойын ашық айтуға үйрету. ----------------------------------------------------------------- Чтобы подарить детям прекрасное настроение, сегодня, 6 июня, был
Жақсылық жасаудан жалықпайық ағайын!
02
июнь
2022
Жақсылық жасаудан жалықпайық ағайын!
Бүгін отбасының қуаныштары, ұрпақ жалғасы - балаларымыздың тамаша мерекесі. Баланың күлкісі мен шаттанып қуанғанына не жетсін! Бір сәбидің ризашылғы – мың алғысқа тұрарлықтай емес пе! Осы күні мектебімізге балаларға базарлығымен біздің жомарт жүректі жандарымыз тағы да  келді. Бұл жолы  жеке кәсіпкер М.Н.Толенгутова кішкентайларды балмұздағымен қуантса, Л.П.Аплакиди аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына  ойыншықтары мен жаздық аяқ киімдерін сыйға тарту етті.  Жақсылық еккен алғыс орады
Жас суретшілердің шығармашылық «Бояулар құпиясы» байқауы өтті
02
июнь
2022
Жас суретшілердің шығармашылық «Бояулар құпиясы» байқауы өтті
Балалар жылына орай Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жас суретшілердің шығармашылық «Бояулар құпиясы» байқауы өтті. Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын, дарынды балалардың шығармашылығын жетілдіру, белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 5 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Кішкентай дарындарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!  
Мектеп түлектері сыйлықтарымен келді
01
июнь
2022
Мектеп түлектері сыйлықтарымен келді
Бірнеше жыл бұрын мектеп түлектері атанған оқушылар бүгін  білім ордасына келді. Жақсыны – көрмекке демекші, жаңарған мектеп дәліздерімен жүріп, оқу сыныптарының  бүгінгі тынысымен танысты. Көңілдері толып, ризашылығын білдірген түлектеріміз, мектебіміздің  толық күндік кіші орталыққа кілемдерін сыйға тартты. Білім нәрімен сусындаған, бүгінде түрлі мамандықты меңгеріп,  қызметтің тізгінін ұстаған жастарымыздың бүгінде бізбен бірге болғаны қуантады. 
Мектебіміздің түлегі мектеп ауласын гүлдендіру акциясына өз үлесін қосты.
01
июнь
2022
Мектебіміздің түлегі мектеп ауласын гүлдендіру акциясына өз үлесін
Мектебіміздің түлегі, жеке кәсіпкер Асем Сейткамалова мектеп ауласын гүлдендіру ( 30 түп раушан өскіні) акциясына өз үлесін қосты. Мен білім алған және менің балам білім алатын мектептің әсем де, әдемі болғанын қалаймын, себебі, киелі білім ордасы сан баланы қарсы алып, қаншама түлек ұшырып отыр. Сондықтан да құшақ жая қарсы алатын орын әрқашанда  тамаша әсер қалдыруы тиіс деді өз сөзінде кәсіпкер. Біз  Асемдей түлектерімізді мақтан тұтамыз!
"Көтеріңкі көңіл-күй!» акциясын ұйымдастырды
31
май
2022
"Көтеріңкі көңіл-күй!» акциясын ұйымдастырды
1 сынып оқушылары арасында жазғы мектепте оқушылардың психоэмоционалды әл-ауқаты үшін жағдай жасау мақсатында педагог-психологтар И.Т.Тагиева  және М.М. Ибраимова   "Көтеріңкі көңіл-күй!» акциясын ұйымдастырды. Акцияның ұраны: "Міне, біз бояуды қолымызға алдық, жалқаулықтан арылдық" Балалар мандалаларды бояп, қағазға ермексазбен жабыстырды. Модельдеу әрқашан балалар үшін қызықты іс. Ермексаз балаларды өзінің ашық түстерімен қызықтырып, жұмыс барысында  ойлау қабілеттерін, қиялын дамыта түсті.
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты тізілісі өтті...
26
май
2022
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты тізілісі өтті...
25.05.2022 жыл күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» 11-сыныпты бітіруші мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңырау салтанатты тізілісі өтті. Тізіліс қонақтары  Қалбатау ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Т.Жанбусинов, қамқоршылық кеңесі төрайымы Ж.Т.Садыкова, ардагер ұстаз Т.Н.Пятковалар болды. Алғы сөзді мектеп директоры Н.М.Садыкова алып, түлектерге  ақ жол тілеп, алдағы сыннан жоғары білім деңгейін көрсетіп, сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді. 8-10 сынып оқушыларына мақтау қағаздары
Үздіктер шеруі мен соңғы қоңырау салтанатты тізілісі өтті....
24
май
2022
Үздіктер шеруі мен соңғы қоңырау салтанатты тізілісі өтті....
24.05.2022 жыл күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің  1-7 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен  «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты тізілісі мен «Үздіктер шеру» болып өтті. Салтанаттың құрметті қонағы ретінде «Аманат» партиясының өкілі, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ж.Т.Садыкова қатысты. Оқу жылының аяқталуымен құттықтаған мектеп директоры Н.М.Садыкова келер жылға табыс тілеп, үздіктер қатарынан орын алған 2-7 сынып оқушыларын (101 оқушыны) мақтау
Қауіпсіздік сабақтары жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары атқарылды
24
май
2022
Қауіпсіздік сабақтары жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары атқарылды
Бүгінгі таңда оқушылардың  жазғы демалыс уақытындағы өмір қауіпсіздігі басты мәселелердің   біріне айналып отыр.  Кездейсоқ  қайғылы жайттарды болдырмау және балаларды бейсауат жүргізбеу   бойынша мектеп білім алушылары  мен  олардың ата-аналарына  қауіпсіздік сабақтары жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары атқарылды. Қосымша   WhatsApp,  Instagram  желістері арқылы жаднамалық парақшалар мен видеотүсірілімдер (судағы қауіпсіздік, өрттің алдын алу ) таратылды.
«Мектеп біздің екінші үйіміз!» акциясы өтті
20
май
2022
«Мектеп біздің екінші үйіміз!» акциясы өтті
Бүгін 20.05.2022 жыл күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің ауласында «Мектеп біздің екінші үйіміз!» акциясы өтті. Акция мақсаты- мектеп ауласын абаттандыру, жасыл желектендіру болғандықтан, мектебіміздің ата-аналары мен оқушылары бірлесіп, мектеп ауласына әртүрлі гүлдердің өскіндерін әкеліп екті. Акцияға аталар мен апалар, әкелер мен аналарымыз  бір кісідей ат салысты. Ерекше ниет білдірген мектеп бітіргелі отырған 11-сынып түлектері  роза гүлдерін  мектеп ауласына отырғызып,