АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТАНЫМДЫҚ САЙЫС ӨТТІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТАНЫМДЫҚ САЙЫС ӨТТІ
19
октябрь
2026

АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТАНЫМДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

📚 АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТАНЫМДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

📖 Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы  аясында ИМАНБАЕВА АҚМАРАЛ БОЛАТБЕКОВНА және ЖҮНІСБЕК АҚЛИМА МЕРҒАЛИҚЫЗЫНЫҢ ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында “Ұлттық мұра” атты танымдық сайыс өткізілді.

📖 Шараның мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдерін саралап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тапқырлықтарын, ой ұшқырлығын, есте сақтау қабілеттерін және топпен жұмыс жасау мәдениетін көрсету. 

📖 Сайыс барысында оқушылар «Тұлпар», «Қыран», «Сұңқар» топтарына бөлініп, өзара білімдерін сынап, қазақ халқының тарихы, ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары мен қолөнері туралы білімдерін ортаға салды.

📖 Сонымен қатар түрлі танымдық тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің тапқырлығы мен зеректігін көрсетті.

📖 Ұлттық мұра – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын баға жетпес қазына. Оны сақтау, дәріптеу және келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, асыл мұрамыз мәңгі жасай берсін!