ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ҚАРАПАЙЫМ ҰҒЫМ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
февраль
2025

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ҚАРАПАЙЫМ ҰҒЫМ

🟢ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ҚАРАПАЙЫМ ҰҒЫМ 

ТЕЛЕСТУДИЯ үйірмесі және МӘДЕНИЕТ және ӨНЕР фракциясы сіздерге екі маңызды кеңес ұсынады:
📌    АРМАНЫҢДЫ АНЫҚТА:
Әр жетістік арманнан басталады. 
Ең алдымен, өз арманыңды анықтап ал. Оны қағазға жаз немесе суретін сал. Бұл арманды нақты мақсатқа айналдырудың ең тиімді жолы. Мысалы, егер велосипед алғың келсе, оның құнын анықтап, сол үшін күн сайын ақша жинауды жоспарла. КІШКЕНТАЙ ҚАДАМДАРМЕН ҮЛКЕН НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ!
📌    ҮШ БӨЛІККЕ БӨЛ:
Ақшаны дұрыс басқару-қаржылық сауаттылықтың негізі. Алған ақшаңды үш бөлікке бөліп жұмсауды үйрен:
    📎Жинақ-арманыңды жүзеге асыру үшін.
    📎Шығын – күнделікті қажеттіліктерге.
    📎Қайырымдылық-басқа адамдарға көмектесу арқылы жақсылық жаса.
Осы кеңестерді қолдансаң, ақшаңды тиімді басқаруды үйреніп, арманыңа тезірек жете аласың!
ТЕЛЕСТУДИЯ ҮЙІРМЕСІ және МӘДЕНИЕТ және ӨНЕР ФРАКЦИЯСЫ ҰСЫНҒАН бұл КЕҢЕСТЕРДІ ӨМІРІҢЕ ЕНГІЗУДІ ҰМЫТПА!

#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма