Тәрбие бағыты » Страница 285 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаттары мен ашық сабақтар
14
сентябрь
2021
«Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып
Қыркүйек айының 14 жұлдызында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ –де «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаттары мен ашық сабақтар өткізілді. Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізігі нәтижелері мен болашағы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы айтылған танымдық сабақтарда ауқымды мағлұматтар беріліп, оқушылардың тың ойлары тыңдалды. Сонымен қатар,
«Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы
03
сентябрь
2021
«Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы
Бүгін Маяковский атындағы орта мектебі бойынша «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы негізінде  4 оқушыға рюкзак және мектеп құрал-жабдықтарымен көмек көрсетілді. Акцияға қатысқан демеушілер Б.Тлеуқабақ, Қ.Малдыбаева.  Демеушілерге алғысымыз шексіз!
1 қыркүйек Білім күні
01
сентябрь
2021
1 қыркүйек Білім күні
1 қыркүйек Білім күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-не алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін өзінің маңыздылығымен есте қалды. Әуендете орындалған әннің үнімен бал-бұл жанған жүздері «Әліппе» мен «Букварь» оқулығын қолдарына алып, ұлттың ұлы ұстазы,  ағартушы-педагог   Ы.Алтынсарин атамыздың «Кел, балалар, оқылық!» ұранымен аяқтарын алшаңдай басып, өздерінің Тәуелсіз елдің еркін ұрпағы екендерін сезінуі- білім ордасы мен ата-аналар үшін бақытты сәттердің бірі болды.
«Ата Заңым-азат елдің айбыны» атты апталық өтті
01
сентябрь
2021
«Ата Заңым-азат елдің айбыны» атты апталық өтті
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де тамыз айының 25-29 күндері аралығында ұйымдастырылған «Ата Заңым-азат елдің айбыны» атты апталықта 2-11 сыныптардың қатысуымен суреттер сайысы, эссе жазу, тақырыптық тәрбие сағаттары өтті.  Конституцияны құрметтеу және сақтау, оның тарихы мен маңызын білу, өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтеу және еліміздің дамуына үлес қосу мақсатында өткізілген әрбір іс-шараға оқушылар бір кісідей қатысып, өз үлестерін қоса
«Балақайлар мектебі»
16
август
2021
«Балақайлар мектебі»
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де  16 тамыз күні "Балақайлар мектебі" мектепалды даярлық курсы өз жұмысын бастады. "Балақайлар мектебі"  тамыз айының 28-не дейін жалғасады. Курстың негізгі мақсаты балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепалды білім кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру. Балалардың жаңа білім беру жағдайында табысты бейімделуін, ойын әрекетінен оқу әрекетіне біртіндеп көшуін қамтамасыз ету.  Курстың негізгі бағыттары мектепте оқу үшін қажетті
Құрмет грамотасымен марапатталды
13
август
2021
Құрмет грамотасымен марапатталды
Дене тәрбиесі мен спорт саласындағы табысты қызметі мен жетістіктері  үшін және спорт күніне орай әріптесіміз Тюлегетаев Ерхат Дүйсенгазыевич Жарма ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Жасаған еңбегіне лайықты   марапат иегерін құттықтаймыз! 
«Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы
11
август
2021
«Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы
Жыл сайынғы аз қамтылған және көп балалалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және  әлеуметтік себептермен мектепке бармауының алдын-алу үшін материалдық және  басқа да көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы негізінде алғашқылардың бірі болып көмек қолын созған жеке кәсіпкер Калиева Аида Муратбековна болды.  4 оқушының жанарына үміт отын жаға білген жаны жомарт жанға