«ЖЫЛДАМ ОҚЫ» ЧЕМПИОНАТЫ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2026

«ЖЫЛДАМ ОҚЫ» ЧЕМПИОНАТЫ

📚🏆 «ЖЫЛДАМ ОҚЫ» ЧЕМПИОНАТЫ

📖 «Психология фениксі – жаңару апталығы» аясында мектебіміздің мектеп психологтары, әлеуметтік педагог және педагог ассистент мамандарының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 2–3 сынып оқушылары арасында «Жылдам оқы» чемпионаты өткізілді.

📖Чемпионаттың басты МАҚСАТЫ – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу жылдамдығы мен сауаттылығын дамыту, кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыруға ынталандыру.

📖 Шара барысында оқушылар өздерінің оқу шапшаңдығы мен мәтінді түсіну қабілеттерін сынап, білім мен зеректілікте бақ сынады. 

📖 Іс-шараға Жастар ресурстық орталығының директоры Жадыра Заманбекқызы демеушілік көрсетіп, оқушыларға жылы лебізін білдіріп, кітап оқудың маңыздылығы мен білімнің адам өміріндегі рөлі туралы тағылымды сөз сөйледі.

КІТАП ОҚЫҒАН ҰРПАҚ – ОЙЫ ОЗЫҚ, БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН ҰРПАҚ!