АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
октябрь
2026

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

📌 АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

✅ Мектебімізде 28 қазан күні І тоқсанның қорытындысы бойынша 6–11 сынып ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

✅ Жиналыс барысында оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі, күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері және бос уақытты тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

✅ Сынып жетекшілері оқушылардың оқу жетістіктері, тәрбие бағытындағы жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ата-аналарға мәлімет берді.

✅ Сонымен қатар, ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударылды.

🤝 Бала тәрбиесі мен сапалы білім беру – мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті!