МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ-КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ-КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ
13
февраль
2025

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ-КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

📌МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ-КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау-мектебіміздің алдында тұрған міндеттерінің бірі.
Осы орайда  кәсіптік бағдар беру мақсатында ардагер ұстаз, офицер КАБАКОВ ЖҰМАҚАН ЖҰМАШЕВИЧ және мектебіміздің түлектері Құрлық Әскерлерінің Әскери Институтының курсанты 
БАХТЫ НҰРБЕК, Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының курсанты 
САДЫКОВ ТАМИРЛАН арнайы шақырылды.
Кездесу барысында мектебіміздің "Жас сарбаз" сынып тәрбиеленушілері қонақтарға арнайы ән арнаса, НҰРБЕК пен ТАМИРЛАН
биылғы түлектерге өздерінің білім алып жатқан оқу орындарына түсу талаптары, білім беру бағдарламаларымен таныстырып, түлектерді қызықтыратын көкейтесті сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, өздері мамандық алып жатқан оқу орнына түсу үшін қажетті бейіндік пәндер және мамандардың болашақ жұмыс орындары туралы толық мəліметтер ұсынылды.

#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма