Оқушылар жетістіктері 1 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық  олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
25
апрель
2024
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
2024 жылдың 24 сәуір күні жалпы білім беретін пәндерден 3-4 сынып оқушылары арасында республикалық  олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Нәтижесінде мектебіміздің 4 «Б» сынып оқушысы Алпысхан Әмре (жетекшісі ағылшын тілі мұғалімі Р.Мамырбек) жүлделі ІІІ-орын ие болды. Құттықтаймыз! 
«Мың бала» Ұлттық олимпиадасының іріктеу кезеңі
22
апрель
2024
«Мың бала» Ұлттық олимпиадасының іріктеу кезеңі
2024 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасындағы ауылдық жерлердегі талантты мектеп оқушыларын дамыту және қолдауда «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының іріктеу кезеңіне 44 оқушы қатысып, 5 оқушы ІІ-кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызға ІІ-кезеңде сәттілік тілейміз!
3-4 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
22
апрель
2024
3-4 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
2024 жылдың 16 сәуір Жарма ауданы білім беру мекемелерінде жалпы білім беретін пәндерден 3-4 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың аудандық кезеңіне жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндерінен 13 оқушы қатысты. Нәтижесінде мектебіміздің олимпиадалық командасы 9 жүлделі орынға ие болды: 1 орын- 2, ІІ орын- 3, ІІІ орын- 4 орын! 1 орын иегерлері облыстық олимпиадаға жолдама алды! Оқушылар мен жетекшілерін құтықтаймыз!
«Ғарышкерлер күні» байқауының аудандық кезеңі өтті.
29
март
2024
«Ғарышкерлер күні» байқауының аудандық кезеңі өтті.
2024 жылдың 27 наурызы күні мектепке дейінгі ұйымдар, мектепалды топтар мен сыныптарының тәрбиеленушілерінің арасында республикалық «Ғарышкерлер күні» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға   мектепалды даярлық топ  тәрбиеленушісі Темиргалиев Бекжан қатысып  ІІІ орынға ие болды ( Жетекшісі Сейтханова Айтолкын Мешетановна) Жеңімпазымызды құттықтаймыз!
6 сыныптар арасында өткен облыстық "Сәйгүлік" олимпиадасы
27
март
2024
6 сыныптар арасында өткен облыстық "Сәйгүлік" олимпиадасы
Математика пәнінен дарынды оқушыларды анықтап, қолдау көрсету, қабілетін шыңдау мақсатында  27 наурыз күні "Білім-инновация" лицейінде  6 сыныптар арасында өткен облыстық "Сәйгүлік" олимпиадасында 6 "Б"  сынып оқушысы Совет Нұрасыл жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Ерболат Үмітгүл.  Құттықтаймыз!!!
Республикалық кешенді "Бастау" олимпиадасы
20
март
2024
Республикалық кешенді "Бастау" олимпиадасы
17 наурыз күні мектебіміздің 2 "Ә" сынып оқушысы Рысбек Раяна жаратылыстану бағыты бойынша "Urker Mitec" Зияткерлік орталығының Республикалық кешенді "Бастау" олимпиадасына қатысып жүлделі 3 орын алды, пән мұғалімі А.Т. Толегетаева, Құттықтаймыз. 
«Алтын сақа» аудандық олимпиадасы өткізілді.
20
март
2024
«Алтын сақа» аудандық олимпиадасы өткізілді.
14 наурыз 2024 жылы математика пәнінен 3-4, 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» аудандық олимпиадасы өткізілді.   Нәтижесінде: 1.    Жолдыбай Кәусәр 4 сынып оқушысы 3-орын (жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Р.А.Балтабаева)2.    Мұсабаев Дастан 5 сынып оқушысы 3-орын (жетекшісі математика пәні мұғалімі А.Е.Айтказина)3.    Совет Нұрасыл 6 сынып оқушысы 3-орын (жетекшісі математика пәні мұғалімі Ү.Ерболат)Құттықтаймыз!!!
"Алтын түлек"  республикалық олимпиадасы өтті.
17
март
2024
"Алтын түлек" республикалық олимпиадасы өтті.
2024 жылдың 16 наурызында Семей қаласы Шәкәрім университеті базасында  математика пәнінен 10-11 сынып оқушыларына арналған  "Алтын түлек"  республикалық олимпиадасы өтті. Нәтижесінде:  Бағдан Кәкімжан 11 сынып оқушысы ІІІ—орын, ерекше жетістігі үшін грамотамен 11 сынып оқушысы Бекбосын Ерзат марапатталды, жетекшісі математика пәні мұалімі Бейсхан Әділ.  Жеңімпаздарды жеңісімен және жетекшілерін құттықтаймыз!
Ә.Кекілбаевтың әдеби мұрасын насихаттау мақсатында аудандық ғылыми-шығармашылық байқау өткізілді.
14
март
2024
Ә.Кекілбаевтың әдеби мұрасын насихаттау мақсатында аудандық
14 наурыз күні 2024 жылы Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаевтың әдеби мұрасын насихаттау мақсатында аудандық ғылыми-шығармашылық байқау өткізілді. Мектебімізден 3 оқушы қатысып жүлделі 3 орындарға ие болды.  1.    Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша Құсайнова Даяна 11 сынып оқушысы 1-орын (жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі Б.С.Нурланов) 2.    Ә.Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша Қайрбекова Айша 10 сынып
Қажи Нұрсұлтанов атындағы VI олимпиадасының аудандық кезеңі
13
март
2024
Қажи Нұрсұлтанов атындағы VI олимпиадасының аудандық кезеңі
5-6 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен Қажи Нұрсұлтанов атындағы VI олимпиадасының аудандық кезеңінде 6 сынып оқушысы Совет Нұрасыл (жетекшісі математика пәні мұғалімі Ерболат Үмітгүл)  жүлделі 1-орынға ие болып облыстық кезеңге жолдама алды.