Оқушылар жетістіктері 2 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Со-Киокушинкай каратэден өткен Бесқарағай ауданының ашық біріншілігі
18
март
2024
Со-Киокушинкай каратэден өткен Бесқарағай ауданының ашық біріншілігі
2024 жылдың 17 наурыз күні Со-Киокушинкай каратэден өткен Бесқарағай ауданының ашық біріншілігінде мектебіміздің 2 сынып оқушысы Иванишина Милана қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпазымызды  құттықтаймыз! Жетекшісі Амангелды Мақсат Амангелдыұлына алғыс айтамыз!!!!
Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер деген атаққа ие болды
04
март
2024
Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер деген атаққа ие болды
Мектебіміздің мақтанышына айналған 8 сынып оқушысы Құмарбеков Бауыржан Жеңісұлы еркін күрестен жеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер деген атаққа ие болды. Жарайсың Бауыржан! Бауыржанға  толағай табыстар мен спортттық жеңістер тілейміз.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы
«Тарихы тұнған өлке» облыстық байқауы өткізілді.
04
март
2024
«Тарихы тұнған өлке» облыстық байқауы өткізілді.
2024 жылдың 31.01- 29.02. аралығында Абай облысының өлкетану жасақтары арасында өлкетану мен туризмге қызығушылық танытатын, зерттеушілік қабілеттері жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында «Тарихы тұнған өлке» облыстық байқауы өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды: 1.    Ермек Аяла 7 «Ә» сынып оқушысы 2-орын (жетекшісі У.Ж.Омарова)2.    Асланбекқызы Айзере 6 «Г» сынып оқушысы 3-орын (жетекшісі В.Сатыбалдықызы)3.    Айтқұрман Аружан 9 «Б»
Теміржан Базарбаев атындағы ІҮ Халықаралық  фестиваль-байқауы
04
март
2024
Теміржан Базарбаев атындағы ІҮ Халықаралық фестиваль-байқауы
2-3 ақпанда Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КМҚК ұйымдасытыруымен өткен Теміржан Базарбаев атындағы ІҮ Халықаралық  фестиваль-байқауына мектебімізден әр номинация бойынша 4 оқушы қатысып: Сансызбаев Эмирхан  ІІІ-орын, Наурызбай Амантай ІІ-орын ( жетекшісі Б.М.Аксакова) Мейрамғали Бұлғын І-орын Жасұланова Айғаным І-орындарға (жетекшісі Д.М.Нүрпеисова)  ие болды. Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
Альянс кубогының ашық аймақтық турниріне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие  болды.
27
февраль
2024
Альянс кубогының ашық аймақтық турниріне мектебіміздің оқушылары
Астана қаласында өткен жауынгерлік Альянс кубогының ашық аймақтық турниріне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие  болды.  Иванишина  Милана  1орын, Амантаев Амир 3 орын, Дюсюенгали Айзере  3 орын, Серік Айдарали 3 орын. Жеңімпаздарымызды және олардың  жаттықтырушысы Мақсат Амангелдыұлын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!  #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы
«Кітапқа құштар отбасы» сайысының облыстық кезеңі өтті....
08
июнь
2023
«Кітапқа құштар отбасы» сайысының облыстық кезеңі өтті....
08.06.2023 жыл күні «Сенімен Болашақ» РҚБ Абай облыстық филиалы отбасылық және ата-аналарды кітап оқуға тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырған «Кітапқа құштар отбасы» сайысына  мектебімізден Мухамедкалиевтар (анасы  Жубайбекова Қ.А, баласы 9 сынып оқушысы Тимурқызы Алуа) отбасы қатысып, жүлделі ІІ-орын алып, Алғыс хат және ақшалай сертификатқа ие болды.  Жеңімпаз отбасын жеңістерімен құттықтаймыз!
Қыздар арасында аудан біріншілігінің ашық біріншілігі
26
май
2023
Қыздар арасында аудан біріншілігінің ашық біріншілігі
1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне 2006-2007 жылы туылған қыздар арасында аудан біріншілігінің ашық біріншілігінде мектебіміздің қыздар командасы жүлделі ІІ-орынға ие болды. Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!! Жетекшісі: Базанов Нурбол Ерболулы
«Бояулар құпиясы», «Алтын қазына» байқауы
25
май
2023
«Бояулар құпиясы», «Алтын қазына» байқауы
«Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 – 2023 оқу жылының сәуір айында «Бояулар құпиясы», «Алтын қазына» байқауына мектебімізден кіші орталық топ тәрбиеленушілері Азатқызы Гүлайым, Ерболова Эльзара, Жумарт Ильяс, Занат Аяулым, Кажытаева Айлин, Корпебаева Аянур, Мейрамғали Елнұр, Мұсабаев Әмір, Мұратбек Медина, Тлеуғазы Ақжігіт қатысып (тәрбиешілері Даирова Ж.Т., Каусова А.А.), 1 – орын  иегерлері атанып, дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының  республикалық фестивалінің аудандық кезеңі
23
май
2023
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық
2023 жылдың 18 мамырында үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру, орындау, дарында балалар мен жастарды  анықтау, қолдау арқылы  білім алушылардың тұлғалқ рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының  республикалық фестивалінің аудандық кезеңінде мектебіміздің 11 сынып оқушысы Асанова Рабиға (жетекшісі Ұлыбаева А.Ө)  «STOP –MOTION» -видео бағамы бойынша жүлделі І-орынды иеленді. Жеңімпазымыз бен жетекшісін жеңістерімен
Абай оқуларының аудандық кезеңі
23
май
2023
Абай оқуларының аудандық кезеңі
«Жарма ауданы білім беру» ММ –нің ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың рухани мұрасына, поэзиясына сүйіспеншілікке тәрбиелеу, игеруді насихаттау мақсатында өткен республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңінде мектебіміздің 9-сынып оқушысы Ельчибекова Ақпейіл (жетекшісі А.Кенжебекова) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағамы бойынша жүлделі ІІІ-орын, 10-сынып оқушысы Бағдан Кәкімжан (жетекшісі Д.Н.Серікқазы) «Ұлылар әлемі» бағамы бойынша ІІІ-орын, «Көңілім әнді ұғады» бағамы бойынша 9-сынып оқушысы