05
ноябрь
2026
WALS 2026 ONLINE CONFERENCE: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ — ТАБЫС КІЛТІ!
📖 WALS 2026 ONLINE
CONFERENCE:
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ — ТАБЫС КІЛТІ!
Қараша айының 2–4 күндері
білім саласындағы ең ірі халықаралық шаралардың бірі -
WALS 2026 халықаралық конференциясы (World Association of Lesson Studies) өтті.
Бұл — әлемнің түкпір - түкпірінен жиналған білім саласындағы зерттеушілер мен педагогтардың тәжірибе бөлісетін беделді алаңы.
Өткен оқу жылы барысында бір зерттеу жұмысы біздің әріптестерімізге тиесілі болып, нәтижесінде мектеп командасының баяндамасы конференция бағдарламасына енгізілді.
Мектебіміздің ұстаздары Даутова Алия Жасулановна, Мухамеджанова Гульмира Капанаевна, Асхатқызы Аяжан, Омарова Үміт Жармухаметовна, Рахимжанова Айгерім Ергазыевна аталған конференцияға қатысып, зерттеу жұмысы қорытындысы негізінде сабақты зерттеу бағыты бойынша өздерінің озық тәжірибелерімен, оқыту мен оқудағы тиімді тәсілдер жайында құнды идеялармен бөлісті.
Бұл — біздің мектеп ұжымының кәсіби дамуға, инновациялық білім беруге және халықаралық серіктестікке ұмтылысының айқын көрінісі!
ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР ШАҒЫН ҚАДАМДАРДАН БАСТАЛАДЫ!