31
октябрь
2026
КҮЗГІ ДЕМАЛЫС ПАЙДАЛЫ ІСПЕН ӨРНЕКТЕЛДІ
🍁 КҮЗГІ ДЕМАЛЫС ПАЙДАЛЫ ІСПЕН ӨРНЕКТЕЛДІ
📚 Күзгі демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында мектебіміздің «ЗЕЙІН» клубының мүшелері аудандық кітапханаға арнайы экскурсияға барып қайтты.
📚 Экскурсия барысында оқушылар рухани орданың тыныс-тіршілігімен танысып, төмендегідей маңызды қадамдарды жасады:
✨ Кітапхана оқырманы атанып, қажетті әдебиеттерді үйге алып оқу үшін ресми түрде тіркелді;
✨ Арнайы кітап бұрыштарымен танысып, жаңа шыққан кітаптар, балалар әдебиеті және танымдық бөлімдерді аралап, өздеріне ұнаған туындыларды шолып шықты.
📚 Мұндай шаралар балалардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, бос уақытын мәдениетті өткізуге баулиды.