Оқу әдістемелік бағыт » Страница 72 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында XXII  спартакиадасы өтті
30
март
2022
Мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында XXII спартакиадасы өтті
Жарма ауданы мектептері және мектепке дейінгі мекемелерінің мұғалімдері мен тәрбиешілер арасында өткен XXII  спартакиадасында "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ-нің командалары шахматтан 1-орын, волейболдан ерлер командасы 3-орын, жалпы командалық есепте 2-орынға ие болды. Ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!! Сагимбаев Ильдар Слямович волейболдан "ЕҢ ҮЗДІК ТОСҚАУЫЛШЫ" бағамы бойынша марапатталды. ______________________________________________________________________ Команда
Мұғалімдер арасында волейбол аудан турнирі өтті
26
март
2022
Мұғалімдер арасында волейбол аудан турнирі өтті
2022 жылдың 25 наурыз күні Шар қаласында Кеңес Одағының батыры П.Г.Карелиннің 100-жылдығына арналған мұғалімдер арасында волейбол аудан турнирінде Маяковский атындағы орта мектебінің командасы ІІІ-орынға ие болып, грамота мен қаржылай сыйлыққа ие  болды. Сонымен қатар аталған жарыста "Үздік қорғаушы" номинациясына Базанов Нурбол Ерболович ие болды! Құттықтаймыз!!! ____________________________________________________________________ 25 марта 2022 года в городе Шар, прошёл районный турнир по
«Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті
19
март
2022
«Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында бастауыш
Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» республикалық жиыны 2022 жылдың 15 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында «Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті. Шығыс Қазақстан облысынан әдіскерлер, «Үздік педагог» атағының иегерлері, педагог-шебер санатты бастауыш сынып мұғалімдері (20 делегат) қатысты. Съезде бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер бойынша білім мазмұнын жаңарту, бастауыш тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту, білім алушылардың оқу
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» атты игі істер акция өтті
18
март
2022
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» атты игі істер акция
 «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» атты игі істер акциясына «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің жоғары сынып оқушылары қатысып,   Наурыз мейрамы қарсаңында ауылымыздың қарт адамдарын бір қуантып қайтты.  Жыл бойында жалғасын тауып жататын   аталмыш акцияға мектебіміздің ұжымы бір кісідей ат салысып, жақсы істердің үнемі ұйтқысы болатыны бізді қуантады.  Игі істер жасаудан жалықпайық!  __________________________________________________________________ В рамках акции "Твори
9 сыныптар арасында «Зияткерлік күні» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды
18
март
2022
9 сыныптар арасында «Зияткерлік күні» тақырыбында іс-шара
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында 9 сыныптар арасында «Зияткерлік күні» тақырыбында, 3-кезеңнен тұратын іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада оқушылар 4 топқа бөлініп ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, тарихқа байланысты әр түрлі сұрақтар қойылды. Іс-шараға оқушылар қызығушылық танытып, ойларын еркін жеткізді. __________________________________________________________________ В рамках проведения мероприятий по празднованию праздника Наурыз
"Шымырлық пен шеберлік" атты ұлттық спорттық ойындары өтті
18
март
2022
"Шымырлық пен шеберлік" атты ұлттық спорттық ойындары өтті
4-сынып оқушылары арасында "Наурыз" мерекесі қарсаңында "Шымырлық пен шеберлік" атты ұлттық спорттық ойындары өтті. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан-ұрпаққа жетуін насихаттау мақсатында "Теңге алу", "Жамбы ату", "Асық ату", "Арқан тарту" ойындары ойнатылды. Ұйымдастырылған іс-шараға оқушылар қызығушылық танытып, өздерінің білектілік пен ептіліктерін көрсетті. Мереке соңында әр сыныпқа мадақтамалар берілді.
Мамандармен кездесу өткізілді
17
март
2022
Мамандармен кездесу өткізілді
2022 жылы 17 наурыз күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де туберкулез ауруының алдын-алу мақсатында аудандық аурухана   эпедемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы А.Н.Абаев пен фтизиатр дәрігер А.С.Алпысбаевалар арнайы келіп, 8-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудандық аурухана мамандары тарапынан туберкулез ауруы және оның таралау жолдары жайлы терең ақпарат беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. 
Кәсіптік бағдар беру бойынша мамандар кездесу өткізді...
14
март
2022
Кәсіптік бағдар беру бойынша мамандар кездесу өткізді...
Мамандық таңдау- өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау демекші, наурыз айында  9, 11 сыныптың оқушыларымен Семей қаласындағы Жоғарғы гуманитарлық-заң және техникалық колледжі қызметкерлері келіп, кәсіптік бағдар беру бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж туралы егжей-тегжейлі мағлұмат беріліп, жекелеме факультеттер бойынша мамандық таңдаудағы ұтымды жақтары басты назарға алынды. Сондай-ақ, көп балалы отбасылары мен әлеуметтік жағынан осал отбасы балаларына қарастырылатын
"Көктем аруы-2022" байқауы өтті
07
март
2022
"Көктем аруы-2022" байқауы өтті
07.03.2022 жыл куні Жарма ауданы Жастар орталығынын ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер мерекесыне орай "Көктем аруы-2022" байқауына "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ- нің 10 сынып оқушысы Қуатпек Перизат қатысып, жүлделі 1 орынды иеленді. Болашағынан көп уміт күттірер, қазақ қызына тән қылықтарымен суйсіндірген Перизат қызымызға талабыңа нұр жаусын демекпіз.