ОТБАСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОТБАСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
10
сентябрь
2026

ОТБАСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

📌 ОТБАСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

🩷 Бүгін мектебімізде ОТБАСЫ КҮНІНЕ арналған апталық аясында 
"ҰРПАҚТАР ДИАЛОГІ; БІЗ БІР-БІРІМІЗДЕН НЕ ҮЙРЕНЕ АЛАМЫЗ?"  тақырыбында кездесу өтті.

🩷 Кездесуге құрметті қонақ ретінде  "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2026" ұлттық байқауының облыстық кезеңінің ІІІ орын иегерлері -ҚҰМАРОВТАР ӘУЛЕТІ қатысты.

🩷 ӘМІР АЛАТАЕВИЧ пен  ЖҰМАБАҚЫТ ТОЛЫШҚЫЗЫ - ауылымызда бірнеше ұрпақтың басын біріктіріп, отбасылық құндылықтарды берік сақтап келе жатқан өнегелі шаңырақ.

🩷 Іс-шара барысында  құндылықтарды дәріптеуге, ұрпақ тәрбиесіне, отбасындағы сыйластықты нығайтуға қатысты әңгіме өрбіп, өнегелі отбасына құрмет көрсетілді.

🩷 Кездесуде қатысушылар береке-бірліктің, өзара сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің маңызына тоқталып, өздерінің ойларымен бөлісті.

🩷 Отбасы құндылығы – сан ғасырлардан ата-бабадан ұрпаққа жалғасқан, өзіндік салт-дәстүрі мен әдет ғұрпы қалыптасқан, құндылығын жоғалтпаған қазына.