«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРА » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРА
09
октябрь
2026

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРА

📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРА 

📖 Мектебімізде кітапханашылары ЖУНУСОВА АНАР АЛИМЖАНОВНА және ОМАРОВА МАХАБАТ ДАРХАНБЕКҚЫЗЫНЫҢ ұйымдастыруымен 8 және 10-сынып оқушылары арасында көрнекті жазушы, даңқты қолбасшы БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ «Ұшқан ұя: Тамырдан — тұлғаға» атты танымдық шарасы өтті.

📖 Шара барысында оқушылар шығарманың мазмұны мен идеялық тереңдігін аша түсетін тартысты кезеңдер бойынша бақ сынасты:
🔹 «Үй тапсырмасы — сахнада» — шығармадан үзінділер сахналанып, оқушылардың актерлік шеберлігі сыналды.
🔹 «Кімнің сөзі?» — кейіпкерлер сөзін ажырату арқылы мәтінді қаншалықты мұқият оқығандары анықталды.
🔹 «6 хат» — тапқырлық пен логикалық ойлауға арналған тапсырмалар орындалды.
🔹 «Тез ойла!» — жылдамдық пен білімді ұштастырған зеректік сайысы өтті.

📖 Шара соңында «Ұшқан ұядан ұшқан ой» айдарымен кері байланыс жасалып, оқушылар шығармадан алған әсерлерімен бөлісіп, отбасылық құндылықтар мен ұлттық тарбие төңірегіндегі ойларын ортаға салды.

📖 Кітап — рухани азық, ал «Ұшқан ұя» — әрбір жасты отансүйгіштікке баулитын бірегей туынды!

#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Жарма
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жарма