ӘДЕБИЕТКЕ ҚҰШТАРЛЫҚ - ЕРТЕГІДЕН БАСТАЛАДЫ Мектебімізде нағыз ертегілер шеруі өтті! » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ӘДЕБИЕТКЕ ҚҰШТАРЛЫҚ - ЕРТЕГІДЕН БАСТАЛАДЫ Мектебімізде нағыз ертегілер шеруі өтті!
20
октябрь
2026

ӘДЕБИЕТКЕ ҚҰШТАРЛЫҚ - ЕРТЕГІДЕН БАСТАЛАДЫ Мектебімізде нағыз ертегілер шеруі өтті!

📚 ӘДЕБИЕТКЕ ҚҰШТАРЛЫҚ - ЕРТЕГІДЕН БАСТАЛАДЫ 

Мектебімізде нағыз ертегілер шеруі өтті!

🦊 “Балалар кітапханасы” жобасы аясында мектеп кітапханашылары ЖУНУСОВА АНАР АЛИМЖАНОВА, ОМАРОВА МАХАББАТ ДАРХАНБЕКҚЫЗЫ және «ЗЕЙІН» клубының белсенді мүшелерінің ұйымдастыруымен 3–4-сынып оқушыларының қатысуымен «ЕРТЕГІ КЕЙІПКЕРЛЕРІ САХНАДА» атты сайыс өтті.

🐺 Биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бұл тағылымды шара өнер мен кітапты сүйетін жандардың басын қосты.

​🐯 Кітап оқу мәдениетін арттыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен бұл шарада 3-4 сынып оқушылары  көрініс қойып, нағыз ертегі әлемін бейнелеп, әр кейіпкердің бейнесін шынайы сомдап, көрермендердің көңілінен шықты.

🐻Оқушыларымыз керемет актерлік шеберліктерімен, шығармашылық ізденістерімен,
өнерге деген үлкен махаббаттарымен көрермендерді тәнті етті. 

🐼 Көрермендер ертегілер әлеміне саяхат жасап, кейіпкерлермен бірге қызықты оқиғаларға куә болды. Шара оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұмытылмас әсер сыйлады.

🐯 Сайыс  қорытындысы бойынша
барлық қатысушыларға  Мадақтамалар мен сыйлықтар табысталды.

#МектепКітапханаларАйлығы2026
#МесячникШкольныхБиблиотек2026
#КітапОқуғаШақырамыз