МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН БАРЛЫҒЫ КЕЛЕДІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ноябрь
2026

МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН БАРЛЫҒЫ КЕЛЕДІ

❤️ МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН БАРЛЫҒЫ КЕЛЕДІ

💫 Мектебімізде «Психология фениксі – жаңару апталығы» аясында мектеп психологы мен педагог-ассистенттің ұйымдастыруымен білім алушылар арасында «КӨҢІЛ-КҮЙ БАРОМЕТРІ» психологиялық акциясы өткізілді.

🎯 Акцияның МАҚСАТЫ: білім алушылардың көңіл-күйін анықтау, эмоционалдық жағдайына назар аудару.

💫 Акция барысында оқушылар өздерінің қазіргі көңіл-күйіне сәйкес түстерді таңдап, эмоцияларымен бөлісті. 

💫 Сонымен қатар, оқушыларға «Менің қолымнан келеді!» атты мотивациялық баннер ұсынылып, өзіне деген сенімділікті арттыруға, позитивті ойлауға және алға қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру жұмыстары жүргізілді.

💛 Әрбір оқушының көңіл-күйі маңызды! Өз эмоцияңды түсіну – өзіңді танудың алғашқы қадамы.