Ақпарат » Страница 173 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық -мәдени ағартушылық жобасы аясында  "Кітап-рухани қазына" тақырыбында іс-шара өтті.
26
сентябрь
2024
"Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық -мәдени ағартушылық жобасы аясында
26 қыркүйек күні мектеп кітапханасында "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық -мәдени ағартушылық жобасы аясында  "Кітап-рухани қазына" тақырыбында іс-шара өтті.  Оқушылар  Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы, шығармашылығы жайлы жазылған кітаптары - "Тіл-құрал, "Әдебиет танытқыш", "Қазақтың бас ақыны", "Қырық мысал", "Маса" еңбектерін талқыға салды. Іс-шара соңы кітапханашылар және қазақ тілі пәні мұғалімі С.Ғ.Байнуркашева тарапынан қорытындыланып, бейнежазбалар көсетілді.  #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие
«Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен пайдалы бейнероликтер»  атты облыстық конкурс
24
сентябрь
2024
«Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен пайдалы бейнероликтер»
Жалпы білім беретін мектептердің 5-7 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілді дәріптеу, қазақ тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткен «Қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеу» жол картасының аясында «Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен пайдалы бейнероликтер»  атты облыстық конкурсқа   6-сынып оқушысы Шамсутдинова Жасмин қатысып І орын иегері атанды.   Жетекшісі; Абдулдинова Аида Айдарханқызы. Құттықтаймыз! #абайоблысыбілімбасқармасы #abayoblysy
«Қола  домбыра»  байқауы
23
сентябрь
2024
«Қола домбыра» байқауы
Ұлттық өнер арқылы жас ұрпақтың елге, жерге азаматтық ұстанымын нығайту, шығармашылық дамуына жағдай  жасау мақсатында өткен аудандық «Қола  домбыра»  байқауында мектебіміздің 8–сынып оқушысы Кенжебек Махаббат жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Жетекшісі Серикқазы  Диляра  Нұрлыбекқызы. Құттықтаймыз!!!#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
“Айтыс өнері” сабағын өтті
20
сентябрь
2024
“Айтыс өнері” сабағын өтті
Бүгінгі "Төрт  Тоқсан - Төрт Өнер" Ұлттық мәдени- ағартушылық жоба негізін басшылыққа ала отырып, музыка пәні мұғалімі Аксакова Б.М  5-сынып оқушыларымен “Айтыс өнері” сабағын өткізді. Айтыс өнері,  түрлері таныстырылып, айтыс өнерінен үзінділер көрсетілген сабақтың соңы оқушылардың төрт шумақ өлең құрастыруымен қатар, айтысып бақ сынасуымен аяқталды. #ақындарайтысы2024 #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға оқыту бойынша облыстық сейсмикалық жаттығу өткізілді
19
сентябрь
2024
Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға оқыту бойынша облыстық
2024 жылдың 19 қыркүйек күні мектебімізде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға оқыту бойынша облыстық сейсмикалық жаттығу өткізілді. Аталған жаттығуға 69 мұғалім, 21 кіші қызметкер, 387 оқушы қатысты. Оқу - жаттығудың саптық жиналу кезеңінде Жарма ауданының төтенші жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғаныс капитаны А.К.Кенжебек мектеп ұжымы мен оқушыларға толыққанды  нұсқаулықтар берді.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраевпен онлайн кездесу
18
сентябрь
2024
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраевпен онлайн кездесу
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраевпен онлайн кездесу  2024 жылдың 18 қыркүйек күні  Маяковский атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушылары грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраевпен  онлайн кездесуге қатысты. Демеу Нұрдаулетұлы спорттық жарыстарға қатысу, жетістіктері, нәтижелерге қол жеткізуге көмектескен ұстаздар мен жаттықтырушылар туралы естеліктерімен бөлісіп кездесу тамаша көңіл-күйде өтті. Оқушылар спортшыдан кеңестер алды.#abayoblysy
Менің мектептегі алғашқы күндерім
18
сентябрь
2024
Менің мектептегі алғашқы күндерім
1 сынып оқушыларының мектеп қабырғасына бейімделуі, мектеп ішіне саяхат.#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
18
сентябрь
2024
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
Үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында  дене шынықтыру пәні мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларымен  «Бес тас» ойынын ойнатты.#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
«Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен» атты суреттер салынды.
17
сентябрь
2024
«Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен» атты суреттер салынды.
Білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты тәрбиелеу, насихаттау және қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мәселелерін дамыту мақсатында  балалар арасында «Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен» атты суреттер салынды.#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
Республикалық жас суретшілер шығармаларының көрмесі
17
сентябрь
2024
Республикалық жас суретшілер шығармаларының көрмесі
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры ұйымдастыруымен өткен Республикалық жас суретшілер шығармаларының көрмесінде мектебіміздің «АRT-студия» үйірмесінің тәрбиеленушілері Кусайнова Даяна мен Хасенова Назеркенің суреттері 2023-2024 оқу жылы қорытындысы бойынша жоғары бағаланып, әрқайсысы 50 000 тг. сыйақымен марапатталды. Жетекшісі Б.С. Нурланов. Құттықтаймыз!#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма