Ақпарат » Страница 176 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
1-11 сыныптарда «Білімім – Отаныма» атты  бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.
24
май
2024
1-11 сыныптарда «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай тәрбие сағаттары
24 мамыр күні балалардың жыл бойы білім жетістіктері мен қоғамдық белсенділіктеріне тоқталу, Отанға деген құрметін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында 1-11 сыныптарда «Білімім – Отаныма» атты  бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарына аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.Т.Садыкова қатысып, бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, 9, 11 сынып түлектері өзінің оқып шыққан мектебіне ыстық ықыласын, ұстазға алғысын білдіру мақсатында  «Мен. Мектеп. Ұстаз»
«Үздіктер слеті – 2024» үздіктерді марапаттау салтанатты жиыны өтті.
23
май
2024
«Үздіктер слеті – 2024» үздіктерді марапаттау салтанатты жиыны өтті.
23.05.2024 жыл күні мектебімізде 2-4 сыныптардың 2023-2024 оқу жылындағы білім нәтижесін сарапқа салып, «Үздіктер слеті – 2024» үздіктерді марапаттау салтанатты жиыны өтті. Іс-шараға мектеп түлегі, ««Аманат» партиясы» Жарма аудандық филиалы басшысы Ж.Т.Садыкова қатысты. Мектеп директоры Н.М.Садыкова оқуда жоғары білім деңгейін көрсеткен үздіктерді құттықтап, мадақтамаларын табыс етті.      Талпыныс, алға ұмтылу, біліммен ерлік көрсету- заман талабы. Ендеше бүгінгі шараның кішкентай
"Кітап оқы"  акциясы аясында "Кітап-сарқылмас қазына"  тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
23
май
2024
"Кітап оқы" акциясы аясында "Кітап-сарқылмас қазына" тақырыбында
20.05.2024 жыл күні мектебімізге аудандық кітапхана қызметкерлері арнайы келіп, "Кітап оқы"  акциясы аясында "Кітап-сарқылмас қазына"  тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. 7-сынып оқушылары қатысқан шарада білім деңгейлері ортаға салынып,  оқушылар сайысқа түсті. Шара барысында кітап топтамаларынан көрме ұйымдастырылып, бірқатар әдебиеттердің қысқаша мазмұны түсіндірілді. Үздік оқырман балалар анықталып, мадақтамалар мен сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ,  жас ақындар шығармаларын  ұсынып,  кей
Со- киокушин кайкан каратэ бойынша " Шығыс жауынгері" атты ашық турнир өтті.
20
май
2024
Со- киокушин кайкан каратэ бойынша " Шығыс жауынгері" атты ашық
2024 жылдың 18 мамыр  күні Өскемен қаласында Со- киокушин кайкан каратэ бойынша " Шығыс жауынгері" атты ашық турнир өтті.  Аталған сайысқа  мектебіміздің   2 сынып оқушы Иванишина Милана  қатысып жүлделі І орынды жеңіп алды! Жарайсың , Милана! Құттықтаймыз! #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы  #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы
«БАБАЛАР АМАНАТЫ» атты республикалық байқау
20
май
2024
«БАБАЛАР АМАНАТЫ» атты республикалық байқау
«Бала дарын» балалармен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен балабақша және мектеп оқушылары арасында 9 мамыр жеңіс күніне орай өткен «БАБАЛАР АМАНАТЫ» атты республикалық байқауға қатысып, ерекше өнер көрсеткені үшін «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ – нің төмендегі кіші орталық тобының тәрбиеленушілері 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. 1.    Дарыбаева Дильназ (жетекшісі Каусова А.А) 2.    Ерлан Томирис (жетекшісі Каусова А.А) 3.    Ерсінбекқызы Айзере
«Семей Орманы» РММ Тау-дала филиалы Жарма орманшылығы ұйымдастыруымен өткен аудандық волейбол турнирі
17
май
2024
«Семей Орманы» РММ Тау-дала филиалы Жарма орманшылығы ұйымдастыруымен
2024 жылдың 17 мамыр күні «Семей Орманы» РММ Тау-дала филиалы Жарма орманшылығы ұйымдастыруымен өткен аудандық волейбол турнирінде Маяковский атындағы орта мектебінің қыздар командасы ІІІ-орынға ие болды. Команда жетекшісі дене-шынықтыру мұғалімі Базанов Нурбол Ерболович! #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы  #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы
"Каникулда кітап оқиық" атты  "Букроссинг" өтті.
17
май
2024
"Каникулда кітап оқиық" атты "Букроссинг" өтті.
"Мамыр - ынтымақ айы" шарасы аясында мектебімізде 1-11 сыныптар арасында "Каникулда кітап оқиық" атты  "Букроссинг" өтті. Букроссинг қарапайым тек кітап алмасу емес, кітапты досыңызға немесе танысыңызға бересіз ол кітап сізге оралады деген мақсатпен күтесіз. Ал бұл үрдіс кезінде сіз кітапты мәңгілікке бостандыққа жіберуге мүмкіндік бересіз. Іс-шараға мектебіміздің барлық оқушылары белсене қатысты.
Ата-аналардың  басын қосқан мектепішілік ІІ-ші спартакиадасы өтті.
11
май
2024
Ата-аналардың басын қосқан мектепішілік ІІ-ші спартакиадасы өтті.
2024 жылдың 11 мамыр күні мектептің жоспарына сәйкес 1-6 сынып ата-аналарының  басын қосқан мектепішілік ІІ-ші спартакиадасы өтті. Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткен "Достық» спартакиадасы жекелеме қатысушылар үшін үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы спорт түрлерінен, сыныптар арасында волейболдан командалық додаға түсті.  Нәтижесінде жалпы командалық есепте ІІІ-орынға үшінші сыныптардан құрылған ата-аналар құрама командасы, ІІ-орынға бірінші сыныптардан
«Мамыр – ынтымақ айы» айлығы....
10
май
2024
«Мамыр – ынтымақ айы» айлығы....
10- мамыр «Игі істер» акциясы аясында мектебіміздің "Еріктілер" клубы мүшелері  ардагер ұстаз Хрунина Анна Филиповнаға  барып, қол ұшын созып қайтты. Игі істің басында мейірім мен адалдық тұратыны баршаға мәлім. Жүрегінде жылуы бар жандардың жасаған жақсылықтарының бұл соңы емес. Жақсылық жасаудан жалықпайық ағайын! #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы  #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы