Ақпарат » Страница 245 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұстаз - Ұлы есім" тақырыбы бойынша мектепішілік эссе байқауы ұйымдастырылды
14
сентябрь
2022
"Ұстаз - Ұлы есім" тақырыбы бойынша мектепішілік эссе байқауы
2022 жылдың 13-14 қыркүйек күні Ұстаздар мерекесіне орай "Ұстаз - Ұлы есім" тақырыбы бойынша мектепішілік эссе байқауы ұйымдастырылды. 6-9 сыныптардан 1 оқушыдан қатысып, жиыны 32 оқушы өз эссе жұмыстарын сайысқа тапсырды. Ұстаз дегенде, елжіремейтін жүрек жоқ. Сондықтан да, ерекшелеп айтып кететін жайт бар. Бұл конкурсқа оқыту тілі орыс сыныбының оқушылары да қазақ тілінде эссе жазуға да өз үлестерін қосты. Сайысқа қатысушы оқушыларымызға толағай жеңіс тілейміз!
"Отбасы-бақыт мекені" атты тақырыпта пікірсайыс өткізілді
14
сентябрь
2022
"Отбасы-бақыт мекені" атты тақырыпта пікірсайыс өткізілді
Қазақстандағы Отбасы күніне орай 5-7 сыныптар арасында "Отбасы-бақыт мекені" атты тақырыпта пікірсайыс өткізілді.  Пікірсайыстың мақсаты: отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата-анасың сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру болды.   Пікірсайысқа белсене қатысқан оқушылардың еркін ой қабілеттері бізді қатты қуантты.
"Біз бақытты жанұя" сурет көрмесі ұйымдастырылды
14
сентябрь
2022
"Біз бақытты жанұя" сурет көрмесі ұйымдастырылды
Қазақстанда Отбасы күні! 12 қыркүйек-Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Маяковский атындағы орта мектебі бойынша жоспар жасалып, аталған жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді.  Өсіп келе жатқан ұрпаққа отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы сурет салу, тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау және дамыту, отбасына деген сүйіспеншілік мақсатында ұйымдастырылды. "Біз бақытты жанұя" тақырыбында 2-4 сынып оқушылар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сурет көрмесіне белсене ат
Славная традиция выпускников
08
сентябрь
2022
Славная традиция выпускников
На протяжении многих лет во всех школах существует славная традиция- делать подарок родному учебному заведению. И в нашей школе такая традиция поддерживается выпускниками разных лет.  Так, недавно выпускники 1992 года (несмотря на то, что они живут и работают в разных уголках нашей планеты )  обновили в  кабинете, где они обучались  в школьные годы стулья, чему мы очень- очень рады!  Огромное вам, дорогие ребята,  человеческое спасибо за поддержку и помощь, за чуткость и  отзывчивость, за
Бүгін  1 сынып бүлдіршіндері мектеп табалдырығын аттады...
01
сентябрь
2022
Бүгін 1 сынып бүлдіршіндері мектеп табалдырығын аттады...
#bilim_quni Бүгін  1 сынып бүлдіршіндері мектеп табалдырығын аттады... Бүгінгі мереке - бала құқығы мен құндылығын қорғайтын, басты құжатымызды дәріптейтін  Конституция күнінің жалғасы болып табылады. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжанжылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға Жарма аудандық маслихат хатшысы М.М.Оспанбаев, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ж.Т.Садыковалар қатысты.  Мектеп
Біз Сабинадай қызымызбен мақтанамыз!
01
сентябрь
2022
Біз Сабинадай қызымызбен мақтанамыз!
6 сынып оқушысы Амангельды Сабина  мектебімізідің кіші орталық және даярлық топ тәрбиеленушілерін сан түрлі ойыншықтарымен қуантты. Бала жасынан жақсылық жасауға жаны құмар Сабина: «Менің кішкентай бауырларым мен сіңілілеріме шын жүректен  тарту еткен сыйлықтарым ұнауы керек» деп  тілеген айтты. Кішкентай болса да үлкенге бергісіз көмек қолын ұсынған Сабинадай  қызымызбен мақтанамыз! Жарайсың Сабина!
Жарма аудандық полиция қызметкерлері әнгіме өткізді
01
сентябрь
2022
Жарма аудандық полиция қызметкерлері әнгіме өткізді
Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, ерте жастан теріс қылықтардан аулақ болу, бұрыс әрекеттерге бой алдырмау мен қатыгездікке жол бермеу мақсатында бүгін, 01.09.2022 жыл күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-не аудандық полиция бөлімінің аға тіргеуші Турганбаев Рустам Асқарұлы келіп 9-11 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізді.  Бос уақытты тиімді пайдалану, кешкі уақыттағы оқушы ережесі де назардан тыс қалмады. Турганбаев Рустам Асқарұлы өз сөзінде: қылмысты
Құрмет грамотасымен  марапатталды
28
август
2022
Құрмет грамотасымен марапатталды
27 тамыз күні удандық мәдениет үйінде «Білімді ұлт: терең білім, еңбекшілдік және отаншылдық қасиет»  тақырыбында аудан педагогтарының тамыз конференциясы өтті.  Мектебіміздің директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Траиспаева Айжан Айтказиновна  Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен  марапатталды.
Волейболдан, үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды
28
август
2022
Волейболдан, үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды
Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Жарма ауданы қорғаныс істері бөлімі волейболдан, үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды. Жарысқа Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ардагерлері және 47007 әскери бөлімнің сарбаздары, Маяковский атындағы орта мектебінің «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Маяковский атындағы орта мектебінің «Жас Сарбаз»  сыныбының тәрбиеленушілері волейболдан 1-орын. Жекелей үстел теннистен Болатов Расул 3-орынға ие болды.