Ақпарат » Страница 246 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлыстың Ұлы күні -  Наурыз мейрамы
26
март
2023
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы
Ұлыстың Ұлы күні -  Наурыз мейрамына орай мекемелер  арасында өткен "Қазағымның дәстүрлері-ай" атты қазақтың" Сүндет той"  дәстүрін ерекше дәріптеп көрсеткені үшін мектебіздің ұстаздары жүлделі ІІ орынды  жеңіп алды. Құттықтаймыз!
Дәстүрге айналған  XXIII  спартакиада өтті
25
март
2023
Дәстүрге айналған XXIII спартакиада өтті
Ағымдағы жылдың 24-25 наурыз күндері  Б.Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде аудан мектептері мен ​ мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері арасында дәстүрге айналған  XXIII  спартакиада өтті. Аталған іс-шарада мектебіміздің командасы белсенді қатысып, нәтижесінде волейболдан ерлер командасы ІІ орынға, шахматтан ІІ орынға, армреслингтен ІІІ орынға,  жалпыкомандалық  жүлделі ІІ орынға иеленді.  Жеңісіміз құтты болсын! Алар асулар көп болсын!!!!!
"Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі
25
март
2023
"Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі
25 наурыз  күні Түркістан  қаласында өткен "Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасында  пневматикалық винтовкадан атудан өткен республикалық турнирде мектебіміздің " Жас сарбаз " сыныбының  тәрбиешілері Есмуратов Арман Қажымұратұлы  мен Бейсенбеков Ерканат Саматұлы қатысып ІІІ жүлделі орынға ие болып ,  "Үздік АӘД пәні мұғалімі" төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
«Наурыз нұры» суреттер байқауы өтті.
20
март
2023
«Наурыз нұры» суреттер байқауы өтті.
Баланың әлемді эмоционалдық тұрғыдан танудағы эстетикалық сезімі, оның жеке шығармашылық дамуы, елестету, қиялдау қабілеттерінің және көркем шығармашылығының дамуын ынталандыру мақсатында 17- наурыз күні мектебіміздің еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-5 сынып оқушыларына «Наурыз нұры» суреттер байқауы өтті.
"Бояулар құпиясы"
20
март
2023
"Бояулар құпиясы"
Білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушыларына өздерінің кәсіби және шығармашылық потенциалдарын танытып, қабілет-қарымын одан ары ұштай түсуге ықпал ету мақсатында қашықтан ұйымдастырылған  "Бояулар құпиясы" республикалық жас суретшілер байқауына мектебімізден 33 талапкер қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
«Көшбасшы мектебіне»  мектебіміздің Мектеп Парламент мүшелері қатысып қайтты
20
март
2023
«Көшбасшы мектебіне» мектебіміздің Мектеп Парламент мүшелері қатысып
20 наурыз күні Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» білім беру ұйымдарында Мектеп Парламентінің өңірлік жоспары негізінде Жарма ауданының мектеп оқушылары мен тәлімгерлері үшін ұйымдастырылған «Көшбасшы мектебіне»  мектебіміздің Мектеп Парламент мүшелері қатысып қайтты.
«Мектеп психологының әртүрлі типтегі отбасылармен жұмысының тиімді формалары мен әдістері» атты вебинар өтті
18
март
2023
«Мектеп психологының әртүрлі типтегі отбасылармен жұмысының тиімді
2023 жылдың  14 наурыз күні Zoom онлайн платформасы арқылы республикалық «Мектеп психологының әртүрлі типтегі отбасылармен жұмысының тиімді формалары мен әдістері» атты вебинар өтті. Вебинарда мектебіміздің педагог-психологі Тагиева Индира Таваккул-қызы « Педагог-психолог жұмысындағы отбасымен жүйелі тәсіл түрлері» тақырыбында баяндама жасады.
Көктем аруы - 2023
17
март
2023
Көктем аруы - 2023
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында 17 наурыз күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де  7-8 сынып қыздары арасында «Көктем аруы-2023»  байқауы өтті. 4 бағамда сынға түскен кішкентай аруларымыз бақ сынасқан сайыста таныстыру, өз өнерін көпшілікке ұсыну, салт-дәстүрлер бойынша сұрақтарға жауап беру  мен қатар түрлі қолөнер бұйымдарын  жасап
«Бұрымды қыз» байқауы
17
март
2023
«Бұрымды қыз» байқауы
Жарма ауданы "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-нің Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне және Жарма ауданының 95 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырған «Бұрымды қыз» байқауына «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нен 11 сынып оқушысы Манарбек Аяна қатысып, ІІ-орынға ие болды. Жетекшілері: сынып жетекшісі Л.А.Нугумарова, мектеп тәлімгері Ж.Ғ.Кеңесова. Құттықтаймыз!