ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
май
2026

ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

📌 ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Мектебімізде 2026 жылдың 21 мамыр күні оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:

📍 2025-2026 оқу жылында атқарылған жұмыстармен және бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы (мектеп директоры ДАУТОВА АЛИЯ ЖАСУЛАНОВНА).

📍 Жазғы демалыс пен жазғы лагерьдің ұйымдастырылуы туралы (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары САГИМБАЕВ ИЛЬДАР СЛЯМОВИЧ).

📍 Баяндама "Бірлескен қызмет: қауіпсіздік бойынша алдын алу шаралары және мектептің  ата-аналармен ынтымақтастығы" (сынып жетекші АКАНОВА ЖАЙНА САРКЫТОВНА).

📍  Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықтық жауапкершілік,  жол қауіпсіздігі,  өмір қауіпсіздігі туралы (Жарма аудандық полиция бөлімінің Жеке құрам бойынша инспектор, полиция аға лейтенанты АҚАН ТАЛҒАТ ЖҰМАҒАЗЫҰЛЫ және Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор, полиция капитаны ҚОНАҚБАЕВА ЖАННА НҰРЛАНҚЫЗЫ).

📍 ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы №26 бұйрығын орындау туралы (директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ЖҰБАЙБЕКОВА ҚҰНДЫЗ АЛДАБЕРГЕНОВНА).

📍 Оқу жылын аяқтауға байланысты өтетін іс-шаралар туралы (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ЖҰБАЙБЕКОВА
 ҚҰНДЫЗ АЛДАБЕРГЕНОВНА).

Жиын мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жаңа оқу жылына жаңа міндеттер мен мақсаттарды айқындауға мүмкіндік берді.


#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жарма