Материалы за Май 2021 года » Страница 2 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2021 года » Страница 2
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал»
17
май
2021
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал»
«Рухани жаңғыру» бағлармасы аясында Шығыс Қазақстан ғылыми –әдістемелік «Дарын» орталығы С. Аманжолов атындағы университетімен бірлесе отырып «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» атты облыстық пән олимпиадасы онлайн режимде өткізілді. Олимпиада Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған. Олимпиаданың мақсаты: білімді, дарынды оқушыларды анықтау, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін, өзі тұратын жерінің тарихи-мәдени мұраларын құрмет тұтып, мақтанышпен айтып жеткізуге жетелеу. «Маяковский
«Менің қос бәйтерегім» атты спорттық отбасылар сайыс
14
май
2021
«Менің қос бәйтерегім» атты спорттық отбасылар сайыс
2021 жылы 14 мамырда салауатты  өмір салтын ұстану және оны насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Менің қос бәйтерегім» атты спорттық отбасылар сайына «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 4 «А» сынып оқушысы  Кенжеканов Адильханның отбасы ( Нуралиновтар отбасы) қатысып, жүлделі 1 орынды қанжығаларына байлады. Жеңімпаз отбасын жеңістерімен құттықтаймыз! 
«Оқырман отбасы» атты семинар-практикум
14
май
2021
«Оқырман отбасы» атты семинар-практикум
Халықаралық отбасы күніне 3 сынып ата-аналары арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, насихаттауға   және оқу сапасын арттыруға тәрбиелеу мақсатында «Оқырман отбасы» атты семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинар – практикумда ата-аналар тарапынан балалардың кітапқа қызығушылығын дамыту жолдарын айта кетті, ойларымен бөлісті.
«Кітап – біздің отбасылық өмірімізде» атты мерекелік марафон ұйымдастырды
14
май
2021
«Кітап – біздің отбасылық өмірімізде» атты мерекелік марафон
Халықаралық отбасы күніне орай 4 сынып ата-аналарының қатысуымен  «Кітап – біздің отбасылық өмірімізде» атты мерекелік марафон ұйымдастырды. Оқуға басшылық жасау, оқу мәдениетін қалыптастыру,  отбасымен бірге кітап оқуды дамыту мақсатында ұйымдастырылған семинарда   ата-аналар өзінің сүйікті кітаптарымен ой бөлісті, пікірлерін ортаға салып, балаларды кітап оқуға қызықтырудың  жолдарын айтты. Өз кезегінде оқушылар ұнаған кітаптарымен бөлісіп, басқа отбасыларға жарнамалады. Мектеп психологы
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті
12
май
2021
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті
12.05.2021 жыл күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы онлайн және оффлайн режімде қатар өтті. Жиналысқа мектептің қорғаншылық кеңесінің мүшелері,кеңес төрайымы   Ж.Т.Садыкова,  аудандық білім беру бөлімінің бас маманы М.К.Ракишева қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша 2020-2021 оқу жылының  қорытынды есебі, мектептің қамқоршылық кеңесінің атқарылған жұмыстар анықтамасы тыңдалып, жазғы демалыс уақытындағы бала қауіпсіздігі бойынша
Абай оқуларының аудандық кезеңі
12
май
2021
Абай оқуларының аудандық кезеңі
ХХІІ республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңі 2021 жылдың 4-5 мамыр аралығыныда 8-11 сынып оқушылары арасында өтті. Мектебімізден IV бағыт  "Көңілім әнді ұғады"  бағамы бойынша 8 сынып оқушысы Алиева Ділназ қатысып І орын иеленіп, облысқа жолдама алды.VI бағыт "Ұлылар әлемі" бағамы бойынша 9 сынып оқушысы Әділбек Аяулым қатысып ІІІ орынға ие болды.Облысқа жолдама алған Алиева Ділназға сәттілік тілейміз.
Жеңістің жұлдызды марафоны
09
май
2021
Жеңістің жұлдызды марафоны
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған  «Жеңістің жұлдызды марафоны» облыстық  қашықтық әскери-патриоттық әңдер мен өлеңдер фестивалінің  аудандық кезеңі өткізілді.  Мақсаты- өскелең ұрпақты әскери-патриоттық, рухани адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеу, балалар мен жастар арасында Отанға, өз халқының ерлікке толы өткеніне және мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру. Фестиваль  номинациялары:  1) Әскери-патриоттық ән 2) Әскери-патриоттық