Жаңа Жылдық көңіл күй сыйлады...
Мектеп ұжымы мен оқушылардың Жаңа жылдық көңіл күйлерін жақсарту үшін мектеп дәліздеріне мерекелік фотоалаң ұйымдастырылды. 27.12.2021 жыл дүйсенбі күні өз ерекшелігімен есте қалды. Бұл күні оқушылар мен мектеп ұжымын, ата-аналарды Аяз Ата мен Қарша қыз қарсы алды. Ерекше таңғы қарсы алу- келушілерге тамаша мерекелік көңіл күй сыйлады. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің жарыса айтқан тақпақтарына Аяз Ата тәттілер таратып, көпшілік ризашылығына ие болды.