Материалы за Июль 2024 года » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Июль 2024 года
"Достық" лагерінің жабылуына орай "Екі жұлдыз" сайысын өтті
12
июль
2024
"Достық" лагерінің жабылуына орай "Екі жұлдыз" сайысын өтті
12 күні "Достық" лагерінің жабылуына орай музыка үйірмесінің жетекшісі Б.М.Аксакова және тәрбиешілер "Екі жұлдыз" сайысын өткізді. Сайысқа тәрбешілер мен оқушы жұппен қатысты. Сайыс  хит ән орындау және пародия көрсету кезеңдерінен тұрды. Әр жұп дайындықпен келіп, өздерінің  ерекше өнерлерін көрсетті. Жұптардың барлығы мақтау қағазымен марапатталды. Балалар би биледі. Іс-шара соңында балаларға балмұздақ таратылды. "Достық" лагерінің екінші ауысымы сәтті аяқталды.
"Достық" жазғы лагерінде музыка үйірмесінің жетекшісі "Әуенді тап" музыкалық сайыс өткізді.
10
июль
2024
"Достық" жазғы лагерінде музыка үйірмесінің жетекшісі "Әуенді тап"
10 шілде күні "Достық" жазғы лагерінде музыка үйірмесінің жетекшісі Б.М. Аксакова "Әуенді тап" музыкалық сайыс өткізді. Сайысқа төрт топтан 3 бала, 2 жетекші қатысты. Сайыс әннің әуенін,  әншіні, мультфильм атын, суретті ребус арқылы әннің атын табу сияқты кезеңдерден тұрды. Қорытындысында Меломен тобы бас жүлде, До Ми Соль тобы 1 - орын,  Muzik тобы 2 - орын, Саз әуені тобы 3 - орын алды. Лагерь  балаларына сайыс ұнады. #АбайЖаз2024 #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
"Достық" лагерінде "Умники и умницы" интеллектуалды сайысын өтті
10
июль
2024
"Достық" лагерінде "Умники и умницы" интеллектуалды сайысын өтті
9 шілде күні "Достық" лагерінде К Л. Рудь "Умники и умницы" интеллектуалды сайысын өткізді. Балалар аса қызығушылықпен қатысты, барлық сұрақтар мен тапсырмалардың шешімін тапты. #АбайЖаз2024 #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы
"Достық" жазғы лагерінде "Мамандықтар әлеміне саяхат" күніне орай жұмыстар ұйымдастырылды.
02
июль
2024
"Достық" жазғы лагерінде "Мамандықтар әлеміне саяхат" күніне орай
Бүгін лагерь демалушыларымен "Мамандықтар әлеміне саяхат" күніне орай жұмыстар ұйымдастырылды.  Ұл балаларды өрт сөндіру бөліміне апарып, көптеген жаңа ақпараттар білді. Өрт сөндіру қызметінің маманы Айдос мырза өртке және суға  байланысты қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.  Қыз балаларды "Аида" сән салонында шеберлердің бір күндік жұмыс барысымен танысты. Аудандық кітапханаға барып балаларға арналған әдеби, ертегі кітаптарын тамашалады, кітапханашылардан тың ақпараттар алды.
"Достық" жазғы лагерінде қазақтың ұлттық аспабы "Домбыра" күні
01
июль
2024
"Достық" жазғы лагерінде қазақтың ұлттық аспабы "Домбыра" күні
Екі ішектің бірін қатты,  Бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Білгің келсе біздің жайды, Содан сұра тек қана! Бүгін қазақтың ұлттық аспабы "Домбыра" күніне орай лагерь демалушыларын мектебіміздегі домбыра кабинетіне апарып, домбыраның шығу тарихы туралы айтып және домбыра туралы аңыздар көрсетілді. Ауыл ортасындағы "Домбыра" ескерткішіне барып қайтты. Домбыра туралы әндер шырқалып, би биледі. "Аманат", "Ерке сылқым", "Балбырауын" күйлері ойналды.