Материалы за Октябрь 2024 года » Страница 6 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Октябрь 2024 года » Страница 6
11 сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу элементтері бар сабақ өткізілді.
16
октябрь
2024
11 сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу элементтері бар сабақ
16 қазан күні мектеп психологы А.О.Ұлыбаеваның ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларының оқу мотивацияларын, сынып ұжымының қарым-қатынасын зерттеу, мамандық таңдауға көмек көрсету мақсатында психологиялық жаттығу элементтері бар сабақ өткізілді.  Сабақ барысында оқушылар "Қызығушылықтар картасы" , " Ағаштан өз орнында тап", "Менің сыныбым", "Ойлан тап" әдістемелері орындалды.  #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
11 сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу элементтері бар сабақ өткізілді.
16
октябрь
2024
11 сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу элементтері бар сабақ
16 қазан күні мектеп психологы А.О.Ұлыбаеваның ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларының оқу мотивацияларын, сынып ұжымының қарым-қатынасын зерттеу, мамандық таңдауға көмек көрсету мақсатында психологиялық жаттығу элементтері бар сабақ өткізілді.  Сабақ барысында оқушылар "Қызығушылықтар картасы" , " Ағаштан өз орнында тап", "Менің сыныбым", "Ойлан тап" әдістемелері орындалды.  #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
📚Кітап – рухани азық болатын адамның бірден-бір серігі
16
октябрь
2024
📚Кітап – рухани азық болатын адамның бірден-бір серігі
📚Кітап – рухани азық болатын адамның бірден-бір серігі екені айтпаса да белгілі. Қашанда ой-өрісіңді, сана-сезіміңді дамыту үшін кітаптың рөлі адам өмірінде ерекше. Бүгінгі күні мектебіміздің кітапханасы заманауи жабдықталып, оқушылар мен ұстаздар үшін қызмет атқаруда. Алдағы уақытта кітапхана оқырмандарына  толағай табыс тілейміз!  #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
"Цифрлық демалыс" акциясы іске қосылды.
16
октябрь
2024
"Цифрлық демалыс" акциясы іске қосылды.
Мектебімізде оқу үдерісін жақсарту және оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру  мақсатында "Цифрлық демалыс" акциясы іске қосылды. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
🔔КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС!
16
октябрь
2024
🔔КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС!
🔔КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС!  Оқушылардың үзілісін тиімді және көңілді өткізу, оқушылардың сыйластығын, қарым-қатынас, ұйымшылдығын арттыру және оқушылардың сабаққа деген көңіл-күйлерін жақсарту және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында музыка пәні мұғалімі Аксакова Балым Макановнаның ұйымдастыруымен оқушыларға үзіліс кезінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге «КҮЙ КҮМБІРІ» күйлер топтамасы шертілді. Оқушылар күй арқылы ұлттық болмысымызды, өнерімізді дәріптеді. 
VI «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
16
октябрь
2024
VI «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
16 қазан күні ерекше қабілетті балаларды анықтап, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қолдау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылығын ояту мақсатында республикалық VI «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға 10-11 сынып оқушылары арасынан 15 оқушы қатысып, 5 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз! 
"Төрт тоқсан -төрт өнер" жобасы аясында "Айтыс-халық тарихы" тақырыбы
16
октябрь
2024
"Төрт тоқсан -төрт өнер" жобасы аясында "Айтыс-халық тарихы" тақырыбы
Мектебімізде "Төрт тоқсан -төрт өнер" жобасы аясында "Айтыс-халық тарихы" тақырыбында 8-9-сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Жанар Жумагельдиновна Кошербаева, Диляра Нұрлыбекқызы Серикқазының ұйымдастыруымен шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатында оқушыларға айтыс туралы түсінік берілді. Мектебіміздің айтыскер ақыны, аудандық "Қола домбыра" сайысының жеңімпазы Кенжебек Махаббатпен кездесу ұйымдастырылып, Мақсұтбеков Дінмұхамед пен  айтыстың үзіндісі орындалды.
2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңі өтті.
16
октябрь
2024
2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен
2024 жылдың 15 қазанында Жарма ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңі өтті. Мектебімізден ұсынылған 17 жобаның 12 жобасы жүлделі орынға ие болды. І-орын – 3 оқушы, ІІ-орын – 2 оқушы, ІІІ-орын – 7 оқушы. Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!  #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма