Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні! » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
март
2018

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

20.03.2018 жылы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ –де «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты наурыз мерекесіне арналған мектепішілік іс-шара өткізілді.
Мереке – салтанатты мектепішілік тізілістен басталып, мектеп директоры Н.М.Садыкова құттықтап сөз сөйлеп, жоспармен таныстырды.
Оқушылардың елін сүюге, салт-дәстүрлі мерекелерді құрметтеуге, адамгершілік жақсы қасиеттерді бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу мақсатымен мектепте «Шеберлер», «Жарапазаншылар», «Шығармашылар» (тақырыбы: «Нұр себеле-ұлыстың ұлы күні»), «Тоғызқұмалақшылар», «Ұлттық ойыншылар», «Ұлттық тағамшылар» атты 6 ауыл жұмыс жасап, 5-8 сынып оқушылары сайыстарда бақтарын сынасты. Сайыстар ұйымдастырушылар мен әділқазылар тарапынан оң бағаланып, жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды.
9-11 сынып оқушылары өз тараптарынан ұлттық салт- дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптеуге арналған көріністер мен мың бұралып би билеп, дәстүрлі әндерді орындады.
Мереке соңы наурыздық ақ дастарханмен жалғасын тапты.

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

 

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

 

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

 

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!