Семей қаласындағы «Жұмысшы мамандықтары бойынша жастар арасындағы аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты». » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Семей қаласындағы «Жұмысшы мамандықтары бойынша жастар арасындағы аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты».
09
апрель
2018

Семей қаласындағы «Жұмысшы мамандықтары бойынша жастар арасындағы аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты».

     Сәуір айының 5 жұлдызында Семей қаласында «Жұмысшы мамандықтары бойынша жастар арасындағы аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты» болып, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нен оқушылар барып қайтты. Бірнеше күнге созылған чемпионатқа әр сала бойынша жұмысшы мамандықтарына білім беретін оқу орындары сынға түсті. Көпшілік назарын аударған - робототехника бөлімінде жасалып жатқан жұмыс түрлері болды. 
    Робототехника - оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға және практикалық тапсырмаларды шеше білуге ықпал ететіндіктен, жаңашылдыққа шабыттандыратын, бүгінгі күннің мәселелерін шешу үшін өз дағдыларын қолдануға, жағдайды талдауға шығармашылықпен ойлауға мүмкіндік беретін өте тартымды ғылым болғандықтан оқушылардың қызығушылықтарын оятты. 
    Чемпионат Семей қаласындағы «Электротехникалық колледжі» КГКП оқу орнында экскурсия және колледж музейіндегі көрсетілімдермен жалғасты.
Экскурсия соңында барлық келушілерге арналып, Абайдың өлкетану музейі есігін ашып, оқушыларымыз музейден алған тамаша әсерлерімен үйлеріне тарасты. 
Атаулы іс-шараны ұйымдастырушы тарапына біздің айтар алғысымыз шексіз!

Семей қаласындағы «Жұмысшы мамандықтары бойынша жастар  арасындағы аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты».