9 мамыр Жеңіс күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2018

9 мамыр Жеңіс күні

    7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күні мерекелеріне орай «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де іс-шара жоспары жасалып, бірқатар жұмыстар атқарылды. 
     Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 73 жыл толды. Бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. 
    Осыған орай, 5-11 сыныптар арасында «Ерлік- ұрпаққа мұра», «Біз Отан қорғаушылармыз», «Еркін елдің ұланымыз» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. 3-4 сыныптар арасында «Жігіттің сұлтаны» сайысы ұйымдастырылса, «Мен –елімнің патриотымын!» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы болып өтті. Сыныптар әскери әндерді нақышына келтіріп орындап, сайыс жеңімпаздары анықталды.
   «Отан үшін от кешкен ерлердің ерлігі ұмтылмайды» тақырыбында мерекелік тізіліс болып, мектеп директоры Н.М.Садыкова құттықтап сөз сөйледі. Тізілісте ҚР әнұраны орындалып, соғыста қаза болған Кеңес Одағының батырлары, сондай-ақ, Жармалық ардагерлеріміздің аттары аталып, 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Мерекелік тізіліс соңы патриоттық әндермен жалғасын тапты. Мектепішілік іс-шаралар барысында 5-6 сынып оқушыларымен даңқ залына экскурсиялар ұйымдастырылып, соғыс ардагерлерінің ерен еңбектері айтылып, залға қойылған соғыс жәдігерлері оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Мектеп алдындағы обелиск маңы абаттандырылып, тазарту жұмыстары жүргізілді. «Естелік вахтасын» ұйымдастыруда 10-11 сынып оқушылары белсене ат салысты. 
    Ауданда көлемінде өткізілген 9 мамыр Жеңіс күнініне арналған шеруге мектеп ұжым болып қатысты. Соғыста, бейбіт өмірде қаза болғандарға арналып «Бессмертный полк» транспаранттары дайындалып, шеруге бір кісідей алып шықты. 5-6 «Шығыс Ұландары» сыныптары плац-парадты жоғары дәрежеде дайындап, көпшілік ризашылығын алды. 
   «Ардагерлерді аялайық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, соғыс ардагері Н.Загидуллинге мерекелік силық тарту етілді. Атаулы мерекелерді жоғары дәрежеде атап өту –кейінгі ұрпақтық естеліктер жалғасы болып табылмақ. 
 

9 мамыр Жеңіс күні

 

9 мамыр Жеңіс күні

 

9 мамыр Жеңіс күні

 

9 мамыр Жеңіс күні

 

9 мамыр Жеңіс күні

 

9 мамыр Жеңіс күні

 

9 мамыр Жеңіс күні