Ауданымызда «Зорлық-зомбылықсық балалық шақ» ұранымен көңілді тапқырлар клубының ойыны өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ауданымызда «Зорлық-зомбылықсық балалық шақ» ұранымен көңілді тапқырлар клубының ойыны өтті
20
декабрь
2018

Ауданымызда «Зорлық-зомбылықсық балалық шақ» ұранымен көңілді тапқырлар клубының ойыны өтті

Желтоқсан айының 19 жұлдызында аудандық «Жастар үйінде» Жарма ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен Жарма ауданының 90 жылдығы аясында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» ұранымен жасөспірімдер арасында көңілді тапқырлар клубының ойыны өткізілді. Ойында ауданымыздың 10 мектебінің командалары әзілдерін ортаға салып, өнерлерін көрсетті. Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Сапаш Е басшылығымен дайындалған әзілдер жинағы көпшіліктің көңілінен шығып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Қоғамдағы мойын бұрғызар кейбір келеңсіздіктерді көрермендерге әзілмен жеткізіп, ойларын ортаға сала білген 8 «Ә», «А» сыныбының тапқырлар командасының белсенді мүшелеріне мектебіміздің қоржынына салған жеңістері үшін айтар алғысымыз шексіз. Жеткіншектерімізг және жетекшіге- жұлдыздарың жана берсін демекпіз!