«Көктем аруы-2019» » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
март
2019

«Көктем аруы-2019»

Наурыз айының 6-шы жұлдызында мектебімізде Халықаралық әйелдер мерекесіне орайластыра «Көктем аруы-2019» қыз сыны байқау болып өтті. Байқаудың мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс –тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту болды.

Байқау 8-10 сыныптар арасында өткізілгендіктен 9 аруымыз бақ сынасты. Сайыстың 4 түрлі кезеңіне тың дайындықпен келген аруларымыздың мәртебесі биіктен көрініс тауып, өздерінің әр қырларынан көрсете білді. «Сәлемдесу» кезеңінде аруларымыз әсем де әдемі ұлттық киім үлгісімен шығып, өлең шумақтарымен, видеокөрсетіліммен және сахналық көрініс арқылы өздерін танытса, «Салт-дәстүрді білеміз бе?» кезеңінде терең білімдерін көпшілік назарына ұсынды. Саусақтарынан өнерлері тамған арулар «Қолөнер» кезеңінде де  бос келмеді. Бірі кестелі орамал әкеліп көрсетіп, енді бірі қағаздан жасалған анаға сыйлықтарын тарту етсе, кей аруларымыз қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татуға мүмкіндік тудырды.

«Менің өнерім-менің мақтанышым» өнер бәсекесінде би, нақышына келтіре орындалған әндер, сонымен қатар, жүрек жарды өлең жолдары көпшілік назарына ұсынылды.

Әділ қазылар алқасы жүзден жүйрік шыққан арулардың бағасын беріп, нәтижесінде 8 сынып оқушысы Бритнер Алена «Бас жүлдеге», 9 сынып оқушысы Харбиева Ләззат І орын, 10 сынып оқушысы Сейткамалова Мөлдір ІІ орынға ие болса,  ІІІ орын Әскербекова Алуаның еншісіне тиді. Қатысушы аруларымыздың барлығы құр қол қайтпады. «Өнерлі Ару», «Шырайлы Ару», «Көрермен көз айымы» номинациялары өз иелерін тапты.