«Жаңартылған білім-жаңаша даму кепілі» тақырыбында бастауыш сынып апталығы өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаңартылған білім-жаңаша даму кепілі» тақырыбында бастауыш сынып апталығы өткізілді
18
ноябрь
2019

«Жаңартылған білім-жаңаша даму кепілі» тақырыбында бастауыш сынып апталығы өткізілді

11-15 қараша арлығында  «Жаңартылған білім-жаңаша даму кепілі»  тақырыбында бастауыш сынып апталығы өткізілді.
МАҚСАТЫ:  ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ИНОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ. ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚУ ҮРДІСІНЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫРА ОТЫРЫП, ӨЗ БЕТІНШЕ ДАМУ ДАҒДЫСЫН МЕҢГЕРТУ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ЖАН – ЖАҚТЫ ДАМЫТУ.
  Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі бойынша жеті ашық сабақ өтті. 1 «А» сыныбында Мусылманкулова Б.Қ. «Менің отбасым»; 1«Ә» сыныбында Жубайбекова Қ.А. «Д дыбысы мен әрпі»; 2 «А» сыныбында Имашева А.М. «Жердің ауа қабаты»; 2"Ә" сыныбында Толегетаева А.Т. «Кітап»; 2«Б» сыныбында Есентаева Қ.Т. «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту»; 3 "А" сыныбында Аскап Р.Е. «Мен, сен, ол, олар - барлығымыз бір отбасымыз»; 3 «Б» сыныбында Қуанышбекова Г.Қ. «Ғылымға көңіл бөлсеңіз»
Бастауыш сынып апталығында барлық мұғалімдер жоспарлаған сабақтарын жауапкершілікпен өткізді, өздерінің шығармашылық, кәсібиліктерін көрсетті.
       Барлық сабақтарда критериалды бағалаудың түрлері жүргізілді. Сабақтар әдістемелік жағынан дұрыс. Әр өткізілген сабақтың оқыту мақсаттарына қол жеткізілді. Келешекте зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін әр мұғалімге әдістемелік ұсыныстар берілді.
     Сабақтарында тәрбиеге үлкен көңіл бөлінді: оқушылар топпен жұмыс жасады, жекелеме жұмыстар, жұппен жұмыс түрлерін де көрсетті.
Әрбір өткізілген сабақтан көрсеткендей бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері жаңарталған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың барлық әдіс –тәсілдерін көрсетіп, басқа пәндермен байланыстырды. Мақсатқа жету жолында тапсырмаларын шебер таңдаған.
   Жалпы әріптестермен өткізілген іс-шаралар өте жоғары бағаланды.