Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі апталығы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі апталығы өтті
13
декабрь
2019

Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі апталығы өтті

  Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған, кезеңде оқушылардың биология және химия пәндер біліміне сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптар да жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу – сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.   Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты – пәндік апталық болып саналады. 09.12-13.12.2019 аралығында өткізілген «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ» атты тақырыбында биология және химия пәндер апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.                  

Апталықтың мақсаты : 1. биология және химия пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде білімдерін қорыту және тереңірек дамыту; 

     2.Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін айту;

    3.  Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.                                                                   

          Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс – шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар,  суреттер сайысы,  сыныптан тыс іс – шаралар. Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Апта ағымында 5-11сыныптар арасында «Туған өлкем – қандай көркем» атты суреттер бәйгесі өтті. Сонымен қатар сыныптан тыс іс – шаралар өткізілді.                                                    

       Биология пәні мұғалімі  Акаева А.М. 7-8 сыныптар арасында «Поймай свою звезду» интеллектуалды ойынын, химия және биология пәні мұғалімдері Жиренчина Д.Е., Рыбакова Г.А. «Экологиялық викториналық конкурстар, сөзжұмбақтар» сайысын ұйымдастырып, адамзаттың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды  табиғатты аялауға, қорғауға шақыру мақсатында көңілді іс – шаралар өткізді. Сонымен қатар жаратылыстану әдістемелік бірлестігіндегі әр мұғалім өздерінің кезекті ашық сынып сағаттарын өткізді. Химия және биология   пән мұғалімі Жиренчина Д.Е. химия  пәнінен 9 сыныпта  «І (ІА) топ элементтері және олардың қосылыстары» атты қорытынды ашық сабақты пилоттық бағдарлама аясында  өзін – өзі тану сабағымен кіріктірілген сабақ өткізсе, биология  мұғалімі  8 «Ә» сыныбында «Жүрек – қан тамырлар жүйесінің аурулары» тақырыбында биологияны өзін – өзі тану пәнімен  кіріктіріп оқыту барысында кезекті сабағын жоғары деңгейде өткізді.