Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ мұғалімдерінің апталығы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ мұғалімдерінің апталығы өтті
28
февраль
2020

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ мұғалімдерінің апталығы өтті

2019-2020 оқу жылының 24-27 ақпан аралығында  «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» тақырыбында Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ мұғалімдерінің апталығы өтті. 

Апталықтың мақсаты: 

- оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқуға қызығушылығын арттыру, елжанды ұрпақты қалыптастыру;

- шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

- А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

Барлық ашық сабақтар жоспарланған және бекітілген жұмыс жоспары бойынша өтті. Апталық барысында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі бойынша алты ашық сабақ өтті. Г.Е. Калмакбаева қазақ тілі пәнінен 6 «Б» сыныбында «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбындаМ.А.Аяпбергенова 5 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сыртқы келбет және тазалық»  тақырыбында, Ж.Ж. Кошербаева 9 «А» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңі» тақырыбындаК.К.Наушабаева  7 «В» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында А.А. Абдулдинова 4 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Қызыл кітапқа енген гүлдер» тақырыбында Д.Н. Серикқазы 6 «Ә» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесі» тақырыбында сабақтар өткізілді. 

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік апталығында барлық мұғалімдер жоспарлаған сабақтарын жауапкершілікпен өткізді, өздерінің шығармашылық, кәсібиліктерін көрсетті.

    Әрбір өткізілген сабақтан көрсеткендей қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері жаңарталған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың барлық әдіс –тәсілдерін көрсетіп, пәндермен байланыстырды. Мақсатқа жету жолында тапсырмаларын шебер таңдаған.

    Барлық сабақтарда критериалды бағалаудың түрлері жүргізілді. Сабақтар әдістемелік жағынан дұрыс. Әр өткізілген сабақтың оқыту мақсаттарына қол жеткізілді. Келешекте зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін әр мұғалімге әдістемелік ұсыныстар берілді.

     Сабақтарында тәрбиеге үлкен көңіл бөлінді: оқушылар топпен жұмыс жасады, жекелеме жұмыстар, жұппен жұмыс түрлерін де көрсетті.

    Жалпы әріптестермен өткізілген іс-шаралар өте жоғары бағаланды.