Ұлттық теңге-ұлттық мақтанышымыз... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұлттық теңге-ұлттық мақтанышымыз...
13
ноябрь
2020

Ұлттық теңге-ұлттық мақтанышымыз...

Биыл 15-қараша ұлттық валютамыздың айналымға кіргеніне 27 жыл толды. Осы мерекеге орай 6 сынып оқушыларын басын қосқан «Ұлттық теңге-ұлттық мақтанышымыз» атты онлайн сынып сағаты өтті. 

Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту болды.

Тарих пәні мұғалімі, сынып жетекші С.Қ.Аязбаева  Ұлттық теңгенің шығу тарихын жете түсіндіріп, 1993ж. 12 қарашасындағы елеулі күнді тағы бір мәрте айтып өтті.

Сынып сағатының соңы қазіргі кезеңде Мемлекетіміз дамуы, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіңдер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер! Бір болайық, бірлігіміз жарасқан ел болайық! -айтып, соңында барлығы жүректі бірге ұстап, жоғары көтеріп, «біз біргеміз» деген сөздермен аяқталды.