Педагогикалық кеңес өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
ноябрь
2020

Педагогикалық кеңес өтті

16 қараша 2020 жылы Маяковский атындағы орта мектебінде барлық педагогикалық ұжымның қатысуымен педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық кеңесте директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасарлары А.А. Траиспаева, С.С. Мурсалимова, А.С. Ахметкаримова білім сапасы мен сабаққа қатысудың мониторнингі, І тоқсан бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысына айтып өтті. 

Мектеп директоры Н.М. Садыкова пилоттық білім беру ұйымдарының жоспарына сәйкес рухани-адамгершілік білім беру бойынша 3 жылдық атқарылған жұмыстың қорытындысына тоқталып өтті.

Математика пәнінің мұғалімі Ерболат Күнсәуле «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша математика пәнін оқыту» тақырыбында баяндама оқыды.

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Г.Е. Калмакаева, орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Н.Ж. Капасова, ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ж.К. Жуаспаева «Үштілді білім беру арқылы құзіретті тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында 2019-2020 оқу жылындағы «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін жасады, мақсат- міндеттер, жұмыс барысы мен жеткен жетістіктерге тоқталып өтті.

Мектеп психологы И.Т. Тагиева «Қашықтықтан өткізілген тиімді сабақтың психологиялық аспектісі» тақырыбында қазіргі білім беру саласындағы шектеулік шараларға байланысты қашықтықтан оқытудың тиімділігі мен қиындықтарды шешу жолдары туралы баяндама оқыды.

Директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.С. Ахметкаримова мектептің қамқоршылық, қорғаншылық кеңесінің атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі М.М. Квач мектептегі азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру ережелерімен таныстырып өтті.

Педагогикалық кеңестің соңында қаулы қабылданып, қаулыға барлық педагогикалық ұжым келісім білдірді.