«Өзін-өзі тану» семинар өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2021

«Өзін-өзі тану» семинар өтті

 2021 жыл 3 ақпан күні  «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің  ұстаздары «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасын жүзеге асыру мен  педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық «Шығыс» өңірлік білім басқармасы ұйымдастырған «Пилоттық жобаның қорытындысы: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» тақырыбындағы семинарға қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қашықтықтық режимінде өткізілген семинарға, Шығыс Қазақстан облысы бойынша білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың оқу,тәрбие  ісі   жөніндегі орынбасарлары, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері және ата-аналар қатысты. 

Семинардың модераторы «Шығыс» өңірлік білім басқармасының әдіскері – А.Н.Алмабаева болды.

Семинардың алғы сөзін алған  «Шығыс» өңірлік білім басқармасы директорының орынбасары А.А. Исаев «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ- нің ұжымының соңғы 3 жылда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасын енгізу мен жүзеге асыру тұрғысынан атқарылған ауқымды жұмыстарға жоғары баға берумен қатар,  ата-аналар қоғамдастығымен бірігіп жасалған жұмыстар жолында көпшілікке үлгі көрсете білді деп атап өтті. Сонымен қатар, 2021 жылдың 18 қаңтарында  «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау»  жобасы бағдарламасын толықтай өз тәжірибелеріне енгізгендігі жөнінде  қатысушыларды хабардар етті. 

Семинар бағдарламасына сәйкес, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің  басшысы Н.М.Садыкова «Оқу үдерісінде және жалпыадамзаттық құндылықтарды қазіргі мектепте біріңғай рухани-адамгершілік  ортаны қалай қалыптастыру керек» тақырыбындағы баяндамасын ұсынып, өз тәжірибесімен бөлісе отырып, өзінің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның, доктор А.О.Джумсаидың, Ш.А. Аманошвилидің өмірбаяндарымен таныса отырып, әр түрлі семинарларға қатыса жүріп педагогтер жобаны кіріктіріп жүзеге асыру кезінде жаңа қырынан танылғандығын тілге тиек етті.

Мектеп директорының орынбасарлары А.А. Траиспаева, И.С. Сагимбаевтар семинарда  басқару жүйесі мен әдістемелік тұрғысынан жиналған өз іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, өзін-өзі танудың оқу мен тәрбиедегі ықпал еткен тұстарын  нақталай түсті.  Әр түрлі пәндерді беруде жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу бағдарламасының мазмұнына кіріктіру - сабақ барысындағы оң өзгерістер мен оқушыларды алға жетелеген құндылықтардың оңтайлы жақтары көрініс табатын А.Т.Толегетаева, Т.Н.Скрипко, К.Ерболат, Ж.Ж. Кошербаева, У.Ж.Омарова, Н.Д. Айткеновалардың баяндамаларынан қатысушылар өздеріне қажетті мәліметтерді ала алды.  

Сондай-ақ, сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтарды кіріктіруде өз тәжірибелерімен М.М.Ибраимова, М.А.Аяпбергенова, Г.Н.Шахмановалар бөліссе, сынып жетекшілер К.К. Наушабаева, Р.А.Балтабаевалар мектеп - ата-ана - оқушы арасындағы тығыз байланысты көрсететін жұмыстардың сан түрлерін көпшілік назарына ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті

Бүгінгі семинар   жоғары деңгейде өтті.