1 наурыз Алғыс айту күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2021

1 наурыз Алғыс айту күні

Алғыс айту күні- бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салатанатты күні. 

Салтанатты күннің шеңберінде   «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де  «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» атты іс-шаралар апталығы өтті. Апталықта 10 сынып оқушыларымен тарих пәні мұғалімі Ж.С.Аканова «Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» дөңгелек стол өткізді. Тарих беттеріне үңіліп, өткенге саяхат жасаған оқушылар  атаулы күннің маңыздылығын тереңдете түсінді. Би жетекшісі Қ.М.Имбаева  «Мың алғыс!» флешмобын  аналарға арнаса, «Ұлт ұлысқа ортақ үй- Қазақстан» тақырыбына өткен тәрбие сағаттары өз кезегінде оқушылараға салмақты ой салды. Бастауыш сынып оқушыларының «Ата-аналарға алғысымыз шексіз» видеороликтер топтамасындағы оқылған тақпақтар, орындалған әндер, ата-аналар тарапынан айтылған алғыстар  көпшілік назарына ұсынылып, жүректерге жол таба білді.