11-сынып түлектерімен және олардың ата-аналарымен Zoom – платформасында жиналыс өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 11-сынып түлектерімен және олардың ата-аналарымен Zoom – платформасында жиналыс өткізілді
30
март
2021

11-сынып түлектерімен және олардың ата-аналарымен Zoom – платформасында жиналыс өткізілді

2021 жылдың 30- наурыз күні мектебіздің 11-сынып түлектерімен және олардың ата-аналарымен Zoom – платформасында жиналыс өткізілді. Жиналыста директордың  оқу ісі жөніндегі  орынбасары А.А.Траиспаева сөз алып, 2020-2021 оқу жылындағы қорытынды аттестация мен ҰБТ-ның ерекшеліктерімен таныстырып, мектепте атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. 

ҰБТ-ның ерекшеліктері:

 Орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 — сынып оқушылары үшін ақылы негізде оқуға қабылдану үшін ҰБТ тестілеуге өтінішті қабылдау 5 наурыздан басталады. Тест өткізу мерзімдері 2021 жылғы 10 наурыз – 10 сәуір аралығы, бұл аралықта балаға 1 рет тест тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін, сондай- ақ ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін ҰБТ тестілеуге өтініш 2021 жылғы 26 наурыз – 10 маусым аралығында қабылданады. Тестілеу мерзімі 2021 жылғы 11 сәуір — 30 маусым аралығы, бұл аралықта балаға 2 рет тест тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Тестілеу „бір тестіленуші– бір компьютер-бір камера” принципі бойынша компьютерлермен жабдықталған «U-FUTURE» ЖШС-да өткізіледі. 

Тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.

Тестілеу уақыты – 240 минут.
 Тест тапсырмалары саны:
 Қазақстан тарихынан тест тапсырмалар саны -15
 Математикалық сауаттылықтан тест тапсырмалар саны — 15
 Оқу сауаттылығынан тест тапсырмалар саны- 20
 1-бейіндік пән бойынша тест тапсырмалар саны- 35
 2-бейіндік пән бойынша тест тапсырмалар саны-35
 Барлық тест тапсырмалар саны -120, шекті балл - 140 балл.