Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті
12
май
2021

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті

12.05.2021 жыл күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы онлайн және оффлайн режімде қатар өтті. Жиналысқа мектептің қорғаншылық кеңесінің мүшелері,кеңес төрайымы   Ж.Т.Садыкова,  аудандық білім беру бөлімінің бас маманы М.К.Ракишева қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша 2020-2021 оқу жылының  қорытынды есебі, мектептің қамқоршылық кеңесінің атқарылған жұмыстар анықтамасы тыңдалып, жазғы демалыс уақытындағы бала қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар берілді.

Оқу-тәрбие жұмыстарындағы жетістіктермен қоса 2020 жылы мектептің материалдық-техникалық базасын толықтыру, күрделі жөндеу жұмысына, асхана, гардероб  жабдықтарына жұмсалған қаражат, аз қамтылған отбасы оқушыларына мектеп формасына, аяқ киіміне бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы және 2021 жылдың бюджетімен таныстырып өтті. Сонымен қатар ата-аналарға мектеп сайтында «Ашық бюджет» рубрикасында толық ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар екендігі айтылды.