Тұңғыш Президент күніне арналған «Жас Сарбаз» салтанатты ант қабылдау рәсімі » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тұңғыш Президент күніне арналған «Жас Сарбаз» салтанатты ант қабылдау рәсімі
30
ноябрь
2021

Тұңғыш Президент күніне арналған «Жас Сарбаз» салтанатты ант қабылдау рәсімі

2021 жылы 30 қараша күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Тұнғыш Президент күніне арналған «Жас Сарбаз» салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты түрде 5 «А» сыныбының оқушыларына  сарбаз куәлігін бірінші бөлімшеге – қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы майор Қарасаев Бекенғали Қарасайұлы, екінші бөлімшеге – Ауған  соғысының ардагері Траиспаев Нурлан Шагибасович, үшінші бөлімшеге – Жарма ауданы бойынша Қазастан Республикасының қарулы күштерінің ардагерлер кеңесінің төрағасы – Кабаков Жумакан Жумашевич табыстады. 2021-2022 оқу жылына барлығы 21 сарбаз қабылданды. 5 «А» «Жас Сарбаз» сыныбын құттықтау үшін 8-9 «Жас Сарбаз» сыныбы флэш-парадын орындады, сонымен қатар сарбаздар хоры «Қазақстан!» және қыздар тобы «Мәңгілік ел!» әндерін орындап, ант қалбылдау рәсімін барлық «Жас Сарбаз» сыныптары салтанатты шерумен аяқтады.
Аталған іс-шараның құрметті қонақтары болған аудандық Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Дюсембаев Жомарт Толеутаевич, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы майор Қарасаев Бекенғали Қарасайұлы, Ауған соғысының ардагері Траиспаев Нурлан Шагибасович, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Садыкова Жанна Тұрсынбекқызы, Жарма ауданы бойынша Қазастан Республикасының қарулы күштерінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Кабаков Жумакан Жумашевич аталмыш  мерекеден жақсы әсермен қайтты.