Халықаралық Аналар мерекесіне арналып іс-шаралар ұйымдастырылды... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Халықаралық Аналар мерекесіне арналып іс-шаралар ұйымдастырылды...
05
март
2022

Халықаралық Аналар мерекесіне арналып іс-шаралар ұйымдастырылды...

Ана деген  өмірдегі  тірегің, ана деген бала жаны жүрегі деп ақындар жырлағандай мектепте ұйымдастырылған іс-шаралардың өзіндік мән-мағынасы жеке дүние ретінде қарастырылып, айрандай ұйып отырған білім ордасының шырайын бір кіргізді десек қателепейміз. 

«Жас Ұлан» ұйымы мүшелері мен жоғары сынып оқушылары таңғы қарсы алу шарасын өткізіп,  мерекенің тамаша бастауын жасады. Шынайы Анаға деген махаббаттарын түрлі құттықтауларымен жеткізіп, «Анаға қарап қыз өсер» атты видеотүсірілімдер арқылы өз аналарынан үйренгендерін ортаға салды. 

«Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым», «Ана бақыты-бала бақыты», «Арулар асыл жандар» т.б тақырыптарында сынып сағаттары өтіп, «Менің Анам ең жақсы адам» атты  фотокөрме ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шаралардың соңы «Әлемді жүрегімен әлдилеген» атты мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.