«Жылы жүрек – жомарт қол» » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2018

«Жылы жүрек – жомарт қол»

«Жылы жүрек – жомарт қол»


    Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.

    Осыған орай, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де жалпыға бірдей білім беру мақсатында 10.01- 10.02.02018 ж. күндері республикалық «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Акция мақсаты: көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету.

    Осы орайда, республикалық іс-шараға қол ұшын беріп, көмекқолын созған жандар қатары азболған жоқ. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

       Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды – демекші, мектеп ұжымының және сынып жетекшілердің демеушілігімен азық-түлік, киім-кешек, ақшалай көмек көрсетілсе, акция барысында мектебіміздіңата-аналары да шараданшет қалмады. Атап өтерболсақ, ауданымыздың жеке кәсіпкерлері Бейсембаев Қайрат, Турсынгазина Марал, Шарипбаев Ерлан, Ордабаева Бақыт, мектебіміздіңтүлегі Ожарова Марал, Еңсебаев Серік, Досумханов Сымбат сынды азаматтарөз қаражаттарынан қажеттілікті қажетететін отбасыларын азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, қуанышқабөледі.

      Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

     «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытқанжандарға үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!

 


«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ

Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: Ахметкаримова А.С