Соңғы қоңырау мерекесі өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июнь
2023

Соңғы қоңырау мерекесі өтті

2023 жылдың 1 маусым күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Жарма аудандық білім бөлімінің басшысы Шаймұратов Қанат Рымханович және мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Садыкова Жанна Турсынбековна, ардагер ұстаз Касенова Зауре Дармешовнаның қатысуымен Соңғы қоңырау мерекесі өтті. Алғы сөзді мектеп директоры Н.М.Садыкова алып, түлектерге  ақ жол тілеп, алдағы сыннан жоғары білім деңгейін көрсетіп, сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді. 9-11 сынып оқушыларына мақтау қағаздары тапсырылып, аудан намысын қорғап, жетістіктерге қол жеткізген  оқушылар мен түлектерге аудандық спорт мектебінің атынан  мақтау қағаздары тапсырылды.
Жарма аудандық білім бөлімінің басшысы Шаймұратов Қанат Рымханович соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің құттықтау хатын табыстады. Сонымен қатар аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі сайыстарға, байқауларға қатысып, өздерін биік талап тұрғысынан көрсете білген ұстаздар мен оқушыларды марапаттады. Түлектер атынан 11 «Ә» сынып оқушылары Айбекқызы Ақниет пен Құрбан Аяла орындауында «Бір үйдің баласындай», 11 «А» сынып оқушылары «Енді қоңырау соғылмайды бізге» әнідерін шырқап, барлық түлектер «Қоштасу мектеп вальсін» биледі. Жиын соңында 39 жас түлек соңғы қоңырау соғып мектеп қабырғасындағы соңғы тәрбие сағатына шақырылды.