Негізгі орта білім туралы аттестат табыс етілді .... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Негізгі орта білім туралы аттестат табыс етілді ....
12
июнь
2024

Негізгі орта білім туралы аттестат табыс етілді ....


12.06.2024 жыл күні мектебімізде 9- сынып оқушыларына негізгі орта білім туралы аттестат беру салтанатты шарасы өтті. 
Шараның алғысөзін мектеп директоры Н.М.Садыкова алып,  түлектерді бүгінгі мерекелерімен құттықтап, 70 бітірушіге негізгі орта білім туралы аттестаттарын  табыс етті.   9-сыныпты   «Үздік» аттестатпен аяқтаған 7 оқушыға мектеп директоры жыл бойындағы жетістіктерін атап өтіп, алғысын білдірді. 
Салтанатты жиында түлектердің ата-аналары білім мен ақыл-кеңесін аямаған ардақты ұстаздарына, мектепке жылы лебізін жеткізсе, сынып жетекшілері қанат қаққан мектеп түлектеріне сәттілік тіледі. #bilimim_otanyma