1-5 сынып ата-аналарының басын қосқан мектепішілік І-ші спартакиадасы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1-5 сынып ата-аналарының басын қосқан мектепішілік І-ші спартакиадасы өтті
23
апрель
2023

1-5 сынып ата-аналарының басын қосқан мектепішілік І-ші спартакиадасы өтті

22 сәуір күні мектептің жоспарына сәйкес  1-5 сынып ата-аналарының  басын қосқан мектепішілік І-ші спартакиадасы өтті. Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткен "Достық» спартакиадасы жекелеме қатысушылар үшін үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы спорт түрлерінен, сыныптар арасында волейболдан командалық  додаға түсті. Ата-аналардың спортқа деген құлшыныстары, келер ұрпақ жастарға  сабақ бола білген намысқойлық пен нар тәуекелдің додасында суырылып шыққандар қатары аз болған жоқ. Ата-аналарының жеңістерін көріп жанкүйер болған балалардың бұл күні қуаныштарында шек болмады. Ата-ана мәртебесі мен жеңісі  отбасы құндылықтарының артуына әкелсе, шынайы шымырлық пен намыс жастарға дем берері сөзсіз. 
Мектеп өміріне ат салысып,  мен мұндалаған отбасыларға айтар алғысымыз шексіз!  Білектің күші-бірлікте,  бірлігіміз арта берсін демекпіз! 
P. S: спартакиаданы ұйымдастырушылар дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне және сынып жетекшілерге алғысымыз шексіз!