Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті
28
апрель
2023

Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті

2023 жылдың 27 сәуірі күні Маңғыстау облысының білім басқармасы мен  Алтынсарин атындағы ҰБА ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері мұғалімдеріне арналған "Тілдерді оқыту: инновациялық әдістер мен тәжірибе" тақырыбындағы республикалық  ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті. Тілдерді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық  әдістері мен  технологияларын үздік тәжірибелер арқылы көрсету, педагогтерге әдістемелік қолдау мақсатында өткен конференцияға 300-ден астам педагогтар қатысқанымен, республика бойынша 25 мұғалім өз жұмыстарын көрсетті. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.А.Аяпбергенова мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Н.К.Танатарова өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тақырыптың өзектілігі мен ғылымилығына баса назар аударып, жаңашылдық пен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынды. Қорытындысында, мектеп мұғалімдеріміз  Маңғыстау облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.