«Жас сарбаз» сыныбы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
май
2023

«Жас сарбаз» сыныбы

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ –де  «Шығыс Ұландары» сыныбы жұмысын бастады. «Шығыс Ұландары» сыныбының мақсаты -   ұландар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін көтеру,  әскери қызметін насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген патриоттық сезімді арттыру, алғашқы әскери дайындык негіздерін жетілдіру.2019 жылы «Шығыс Ұландары» атауы «Жас сарбаз» деп ауыстырылды. Осы жеті  жылда  біздің сарбаздар ауыл, аудан, облыс, республикаға танымал болды. «Алау», «Даңқ», «Сардар» атаулы  сайыстарда, патриоттық ән байқауларында, пәндік олимпиадарда,ғылыми- практикалық  конференцияларда алдыңғы қатардан көрініп, мектеп  мәртебесін облыс, республика деңгейіне дейін көтерді. Бүгінгі іс- шара  «Жас сарбаз» сыныбының алғашқы түлектеріне арналды. Сарбаздарымыздың жетістіктері бағаланып, Абай облысының Қорғаныс істерінің департаменті атынан «Қазақстан патриоты», «Спортшы жауынгер» төсбелгілерімен,Жарма ауданының қорғаныс  істер бөлімі, Жарма ауданының білім бөлімінің мадақтамаларымен  марапатталды. Іс- шара салтанатты шерумен аяқталды.