21
декабрь
2018
"Дарынды балаларға-талантты ұстаз" педагогикалық олимпиадасы
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқауының аудандық кезеңі өтті. Олимпиада мақсаты- жас педагогтардың өзін – өзі жетілдіруге, жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиада педагогтың жеке шығармашылық кеңістігің шоғырландыруға, зертеушілік – ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық өз ойын білдіру тәсілдерін және жеке шығармашылық жолын табуға мүмкіндік берді. Олимпиадаға аудан мектептерінің жас ұстаздары қатысты. Олимпиада ІІІ кезеңнен тұрды.
І кезең Таныстыру педагогикалық дебют заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдалану тиімділігі, кәсіби тәжірбиелерін ауызша ұсынды.
ІІ кезең Панорамалық сабақ немесе Педагогикалық шеберлік қоймасын ұсынды.
ІІІ кезең Портфолио. Портфолионы қорғау.
Олимпиада қорытындысы 3 кезең бойынша шығарылды.
Маяковский атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі М.Н.Насырова осы олимпиадаға қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.