Мамандық иесі болу- болашақтың жарқын көрінісі » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мамандық иесі болу- болашақтың жарқын көрінісі
15
февраль
2019

Мамандық иесі болу- болашақтың жарқын көрінісі

Сүйікті ісіңнің маман иесі болу өте жауапты да қиын іс. Мамандығын дұрыс таңдаған адам ғана бір маман иесі болатыны бәрімізге аян. Осы мақсатта мектебімізде  9-11 сыныптардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға көмек қолын ұсынған оқу орындары  бүгінгі күнде көптеп табылады. Дұрыс бағыт-бағдар беру мен қатар оқушының санасына сенім ұялатаудың өзі  болашақ маман иесі ретінде тың ойлар қосуға ықпал етеді. 

Мына өмірге адам болып келген соң,саналы түрде қимыл-іс жасауың керек. Сол таңдаған мамандығыңның жемісін көріп қана қоймай, 

мамандығыңды, айналаңды дамыту керек. Мамандық таңдаған кезде сен мамандықты ғана емес,өзіңе ортаны да таңдайсың. Ол ортамен сен араласасың. Сол ортада ғана сен өзіңді қолайлы, еркін ұстайсың. таңдау өте күрделі іс,өз ісіңді таңдар алдында асығыс шешім қабылдамай, ең алдымен барлық мамандықтарды танып, саралап, ол мамандық не ушін керек екендігін білуің қажет.

Мамандық таңдау-өмірге бір кірпіш қалаумен тең.

Оқушыларға көмек қолын ұсынып, түсіндірме жұмыстарын жүргізумен ортамызға келіп жатқан оқу орындарының педагогтеріне айтар алғысымыз шексіз!